🌫️
-2°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Арманы асқақ чемпион

    09.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Арманы асқақ чемпион
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қасиетті Қарасай жерінде спорттан биік белестерді бағындырып, ел намысын абыроймен қорғап жүрген саңлақтар жетерлік. Солардың қатарында шамалғандық таэквондошы Аружан Найманбаеваның жетістіктерін ерекше атап өтуге болады. Спортты жанына серік еткен 17 жасар бойжеткен биыл Малайзияда өткен Азия чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді.

    Аружан 2008 жылдың 30 мау­сымын­да Қарасай ауданы­на қарасты Шамалған ауылдық округінде дүниеге келді. Әкесі Әнуар мен анасы Жанат – екі перзент тәрбиелеп, өсіріп отырған қарапайым жандар.
    «Спортқа негізінен інімнің арқасын­да келдім деуге болады. Бауыржан қазақ күресімен шұғылданатын. Бір күні оның қатысуымен ауқымды жарыс ұйымдастырылды. Сол додаға ініме қолдау көрсету үшін бардым. Ғимарат ішіндегі таэквондо үйірмесінде балалар жаттығу жасап жатты. Маған осы спорт бірден ұнап қалды. Кешке үйге келгенде ата-анамнан таэквондо үйірмесіне баруға рұқсат сұрадым. Олар қарсы болған жоқ. Алғашқы жаттықтырушым Рақымжан ағай – таэквандоның әдіс-тәсілдерін жалықпай үйретіп, алдағы жеңістеріме жол ашқан тәлімгерім. Сондықтан оған айтар алғысым шексіз», – деді Аружан.
    Арада біраз уақыт өткен соң жаттық­­тыру­шысы отбасылық жағдайға бай­­ланысты Ақтау қаласына көшеді. Бұдан кейін Аружан Шамалғандағы «Ushqonyr» балалар мен жасөспірімдер спорт кешенінде жаттығады. Мұнда Ринат есімді білікті бапкер жас спорт­­шының жеңіске деген жігерін қайрап, додаларға қатыстырады. Оның берген тәлімімен Аружан талай биікті бағындырды. Бірнеше жыл ішінде ол кәсіби деңгейін көтеріп, спорт шеберлігіне үміткер, одан соң ҚР спорт шебері болып, жасөспірімдер мен жастар сапында тамаша нәтиже көрсетіп, дүбірлі жарыстарда топ жарады.
    Қазақтың «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» деген сөзі спорт әлемін жақсы суреттейді. Себебі мұнда үнемі жеңістің биік тұғырына көтерілу мүмкін емес. Бірде жеңіске жетіп, мерейленіп тұрасың, ал кейде жеңілістің кермек дәмін татуға тура келеді. Біраз жыл осы әлемнің ішінде қайнап жүрген Аружан оны жақсы түсінеді.
    «Жалпы спорттың қай түрі бол­сын, оңай емес. Бірнеше минуттық белдесуде жіберген бір қателік жеңіліс­ке әкелуі мүмкін. Сондықтан сайысқа шыққанда бар ойың татамида болуы қажет. Қарсыласыңды лайықты бағалай алмасаң, сенің жеңіс жолың сол жерден тоқтайды. Бұл ретте әр спортшы өзін тәртіпке үйрету керек. Өзіне сенімді, күші адал адамның еңбегі зая кетпейді», – дейді спортшы.
    2022 жылы Аружан тәжірибесін арттыру, кәсіби деңгейін көтеру мақ­сатында Алматыдағы олимпиадалық резерв дайындайтын республикалық мамандандырылған мектеп-интернат колледжіне түскен. Айта кетейік, аталған оқу ордасынан бұған дейін Олимпиада ойындарының алтын, күміс, қола жүлде­лерін иеленген Елдос Сметов пен Асхат Жіткеев секілді спорт саңлақтары түлеп ұшқан.
    Бүгінге дейін талай додада аудан мен ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшы қыздың қоржыны жүлдеден кенде емес. Оның 33 алтын, 7 күміс, 3 қола медалі бар. 2025 жылы жастар арасын­дағы Қазақстан чемпионатында, кейін ересектер арасындағы ел чем­пионатында топ жарған. Ал таяуда ол Малайзияның Кучинг қаласында 14-17 жас аралығында өткен Азия чемпионатына қатысып, тағы бір мәрте жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс кезінде Вьетнам, Иордания, Қытай және Иран елінен келген қарсыластарын қапы қалдырып, Азия чемпионы атанды. Ересектер сапына енді тәй-тәй басып келе жатқан оның арманы – Олимпиада чемпионы болу.
    – Биіктен көрінуге талпы­­­нып, аянбай тер төгіп келе­мін. Мені қолдап жүрген бас бапкерім Төлеген Темірланұлына ризашы­лы­ғым­ды біл­діремін. Сондай-ақ отбасың­нын саған сенім артуы спортшы үшін өте маңызды. Солардың үмітін ақтау­ға барымды саламын, – деді чемпион қыз.
    Қарасайлық таэквондошының бұл жетіс­тігі – тұтас елдің абыройы. Аружан­­ды алда талай дүбірлі дода күтіп тұр. Сол жарыстарда Туымызды жел­біре­тіп, жеңіспен оралуына тілек­теспіз.

    Ақтоты МЫРЗАБЕКҚЫЗЫ
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көмектер

    Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді көмектер

    2 years ago
    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    8 months ago

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазартылды

    2 years ago
    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    3 years ago
    Ақтастыдан шыққан Айсара

    Ақтастыдан шыққан Айсара

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>