-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды

    16.05.2023
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Өңір тынысы, Төтенше жағдай
    Алматы облысында «Қазқұтқару-2023» халықаралық семинары басталды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Кеше Тамғалы Тас шатқалында орналасқан «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигонында төтенше жағдай вице-министрінің басшылығымен «Қазқұтқару-2023» халықаралық жиын-семинарының 1-ші кезеңі ашылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

    15-16 мамыр аралығында ТЖ-ға ден қою саласындағы еріктілердің республикалық форумы өтеді. Бұған еліміздің барлық өңірінен 45 ерікті қатысады.

    Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының қолдауымен 15-18 мамырдан бастап Қазақстан төтенше ведомстволары қызметкерлерінен – 45 адам, Қырғызстаннан – 2, Тәжікстан – 2 және Өзбекстаннан – 2 адамның қатысуымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі міндеттерді орындау үшін пилотсыз авиацияны қолдану бойынша мастер-тренинг және жарыстар, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан төтенше ведомстволарының кинологиялық есептоптарына арналған мастер-тренинг өткізіледі.

    22-24 мамыр аралығында төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерді іздеу дағдыларын тексеру үшін ТЖМ-нің 37 кинологиялық есептобы сертификаттау сынақтарынан өтеді.

    Сонымен қатар шетелдік мамандар төтенше жағдайларды жою бөлімшелерінің қызметкерлері үшін теориялық және практикалық сабақтар ұйымдастырады, оған облыстық ТЖ департаменттерінен 20 қызметкер қатысады.

    Барлық семинар мен тренингтерді Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы, Төтенше жағдайлар және табиғи зілзалалардың қаупін азайту орталығының қолдауымен Төтенше жағдайларды жою бойынша үлкен тәжірибесі бар халықаралық мамандар жүргізеді.

    «Жартасты қала – Астана» оқу-жаттығу полигоны – құтқару жұмыстарының барлық түрлерін жүргізуге әмбебап бейімделген ТМД-дағы жалғыз полигон. Мұнда 20 мыңнан астам құтқарушы қайта даярлаудан өтті, жыл сайынғы кинологиялық қызмет сертификаттарын алады, сүңгуірлер мен альпинистер өз шеберліктерін жетілдіреді, құтқару авиациясы пилоттық дағдыларын пысықтайды, ел өңірлерінен құтқарушылар пайдалы ақпаратпен алмасып, жұмыс тәжірибесі және құтқару технологияларымен бөліседі.

    Жиын-семинардың бірінші кезеңі түркі мемлекеттері ұйымы елдерінің төтенше ведомстволары құтқарушыларының біліктілігін арттыру жөніндегі халықаралық оқу-жаттығуларға дайындық іс-шараларының бір бөлігі болып табылады. Шара биыл қыркүйек айында «Жартасты қала – Астана» полигоны базасында жоспарланған.

    Tags: Қазқұтқарутөтенше жағдай

    Ұсынымдар

    Қонаевтағы саяжайда 130 шаршы метрлік үй өртенді

    Талғарда жәбірленушінің үйін өртеу фактісі бойынша жедел тергеу тобы құрылды

    8 months ago
    Ауқымды құрылыс жылы: Премьер-министр жаңа зауыттар, тұрғын үй және инфрақұрылым туралы мәлімдеді

    Ауқымды құрылыс жылы: Премьер-министр жаңа зауыттар, тұрғын үй және инфрақұрылым туралы мәлімдеді

    5 months ago
    АЭС-ті салу үдерісін МАГАТЭ бақылайды

    АЭС-ті салу үдерісін МАГАТЭ бақылайды

    9 months ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу жайы

    5 months ago
    Қонаевта «Бауырсақ party» өтті

    Қонаевта «Бауырсақ party» өтті

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.