⛅
-1°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Асфальт төсеуді талап етеміз!

    13.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Асфальт төсеуді талап етеміз!
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

         Редакцияға Қарасай ауданына қарасты Әйтей ауылының тұрғындары хабарласып, Желдісай көшесінің жылдар бойы жөнделмей келе жатқанына шағымданған еді. Жұртшылықтың арыз-шағымын тыңдап, биліктің құлағына жеткізбек мақсатпен жолға шықтық.

    Ауылдық округ құрамына Әйтей, Еңбекші, Үштерек, Құмарал, Сауыншы ауылдары мен екі саяжай кіреді. Алматы қаласынан бар-жоғы 23 шақырым жерде орналасқан елдімекен жыл өткен сайын үлкейіп, тұрғындар саны 20 мыңнан асып жығылып отыр. Құрылыс жұмыстары жедел жүргізіліп жатқандықтан оларды инженерлік құрылымдармен қамтамасыз ету де оңайға соқпайтыны белгілі. Дегенмен, көше тұрғындарының бұған да айтар уәжі дәлелді көрінді.
    – Біз тұрғын үй салуға арналып бөлінген бұл жерді 2003-2004 жылдары алған едік, – дейді көшенің байырғы тұрғыны Баймырза Тәтен ақсақал. – Үйімізді салып алғаннан кейін әкімдік жасайды деп қарап отырмай, алдымен жарықты, содан соң су құбырын қаржы жинап, өзіміз тарттық. Аудандық әкімдік көгілдір отын желісін жүргізіп, көмек жасады. Оны да үйге өзіміз кіргіздік.
    Ми-батпағы шығып жатқан көшемен жүру қиын болғандықтан тағы да жиналып, бірнеше мәрте тас та төсеттік. Алайда ойлы-шұқырлы көшені толықтай жарамды етуге шамамыз келмей-ақ қойды. Себебі еңісті жерде орналасқандықтан жазғы жаңбырдың, қысқы қардың суы тосқауыл таппай, толассыз ағып, әсіресе төменде салынған үйлерді басып қалып жатыр. Жанайқайымызды ауыл, аудан басшылығына сан рет жеткіздік. «Күнде ертеңмен» күн өткізгенімізге бірнеше жылдың жүзі болды.
    Қаржы жетпей жатса, оны да түсінер едік, алайда бізден кейін түскен бірнеше көше асфальтталып кеткен. Сонда шетқақпай қылатындай біздің не жазығымыз бар?!
    Осы жерде әңгімеге араласқан жалғызбасты көпбалалы ана Нұргүл Сейілханова да өзін мазалаған жайларды ортаға салды.
    – Көшенің жасалынбауы себебінен беталды аққан табиғи су үйімді шайып, құлатып кетті. Ел ішінде отырып, далада қалғандай күй кешкен едім. Жаны жомарт жұртшылық қол ұшын беріп, ескі үйді бұзып, шағындау болса да баспана тұрғызып алдық. Алайда көңіл әлі де алаңдаулы. Себебі жаңбыр мен қардың суы үйімізге қауіп төндіруін қояр емес. Ауыл басшылары бұл жайдан хабардар. Дегенмен ұзақ жылдардан бері көше мәселесі шешілмей келеді, – дейді ол.
    Айтылған жайға көшенің өзге де тұрғындары қосылды. Осы мәселені түрлі деңгейде көтеріп жүрген Нұржамал Қожабаева, Ауған соғысының ардагері Болат Жанәділов балалар мен жасы үлкен қариялардың жүріп-тұруы қиындағанын жеткізді. «Жаңбырлы-қарлы күндері бұл жер ағынды арнаға, түнгі суықта көше кәдімгі сырғанаққа айналады», – дейді олар. Тіпті аяғы тайып құлап, төменге қарай құлдилап мертігіп қалғандар да бар көрінеді. Ал екі жақтағы биіктен ағып келіп су жиылатын ойпаңдағы үйлердің жағдайы тіптен мүшкіл. Олардың іргетасы отырып, қабырғалары қақырап тұрғанын көзіміз көрді.

    Желдісай көшесінде 32 үй орналасқан екен. «Бар-жоғы 250 метрді құрайтын көшенің бітпейтін жырымен өмір өтіп барады», – дейді мұндағы тұрғындар. Солардың өтініші бойынша Әйтейге сенбі күні атбасын тіреген едік. Ауыл басшыларымен бірден сөйлесудің реті келмеді. Есесіне, біздің қоңырауымызды бірден алған Қарасай ауданы әкімі Жасұлан Естенов мәселенің мән-жайын білгеннен кейін ауыл әкімі Жарқын Қатубаевтың хабарласатынын жеткізді. Жарқын Қанатұлы шаруаларымен сыртта жүргендіктен кездесуге әкімдіктің бас маманы Ерзат Әбдіқұлов келіп, қалыптасып отырған жағдайға толықтай анықтама берді. Оның айтуынша, өзге көшелерде мұндай күрделі мәселе болмағандықтан ауыл бюджетінің ағымдағы жөндеуге арналған қаржысына асфальтталып келген. Ал Желдісай көшесін реттеу үшін күрделі жөндеу қажет. Ондай қаржыны аудан ғана бөле алатын көрінеді.
    – Сіздердің мәселелеріңізді ауыл, аудан басшылары жақсы біледі, – деді Ерзат Нұрәділұлы. – Еңісті-беткейлі жерде орналасқандықтан бұл жерге жол салудың өзіндік қиындығы бар екені рас. Сондықтан жол жобалаушыларын әкеліп, мән-жайды толықтай анықтағанбыз. Енді табиғи су жиналмас үшін арық қазып, оған бетон құбырларын төсеу қажет деп шештік. Жұмыстың жобалық-сметалық құжаттары толықтай дайындалып, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына енгізіліп отыр. Келер жылы мемлекеттік экспертизадан өтіп, қаржы бөлінсе, құрылыс жүргізуші компанияны анықтап, көшелеріңізді асфальттап береміз, – деді.
    Телефон арқылы хабарласқан Жарқын Қанатұлы да бұл ақпаратты растап, көшені жөндеу келесі жылға жоспарланып отырғанын айтты. Ауыл басшысының сөзіне сенбеуге ешқандай себеп болмағандықтан, уәдесін орындайтынын қанағат тұттық. Тек осы тұста тағы бір мәселе менмұндалап тұрғандай көрінді. Ол ауызсу құбырларына байланысты. Көшені аралағанымызда тұрғындар өз күшімен тартып алған құбырлар мен құдықтардың апатты жағдайда тұрғанын көзіміз шалды. Ертең көше жасағаннан кейін сол құбырлар сыр берсе, салынған асфальтты қайта бұзуға мәжбүрлік туындауы әбден мүмкін. Сондықтан алдымен 250 метр болатын ауызсу құбырын талапқа сай салып алып, содан кейін асфальт төсеген оңды болар ма еді деген ой туындайды. Бұл мәселені ел ағаларының құзырына қалдыра отырып, көше жыры келер жылы аяқталар деген үмітімізді үкілеп қала бердік…

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    Мәжіліс МӘМС жүйесін өзгертетін заң жобасын мақұлдады

    7 months ago
    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    Азаматтық қоғамның алтын діңгегі

    2 years ago
    Басылымға жазылды

    Басылымға жазылды

    2 months ago
    Алматы облысында колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысты

    Алматы облысында колледж студенттері антифриз зауытының жұмысымен танысты

    8 months ago
    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>