-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    СДУ-ды таңдады

    07.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жаннұр Еңсебек СДУ
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

    Биыл еліміз бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) барлығы 181 мың талапкер қатысқан болатын. Солардың қатарында Жаннұр Еңсебек пен Айым Ержанова ең жоғарғы 140 балл жинап, соңғы үш жылда болмаған нәтижеге қол жеткізгені мәлім.  Міне, осы озық білім үлгісін көрсеткен қос түлегіміз де Қарасай ауданында орналасқан  Сүлеймен Демирел университетін таңдап, тағы бір қырынан танылды.

    Атап айтқанда, Талғар ауданының Қарабұлақ  ауылында орналасқан №22 орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі»  иегері Жаннұр Еңсебек жоғары оқу орындарына ұсыныс берудің алғашқы күні-ақ СДУ-ды көрсеткен болатын. Сол сияқты, Ақмола облысына қарасты Қосшы ауылындағы Р. Қошқарбаев атындағы №1 орта мектебінің түлегі Айым Ержанова да осындай таңдау жасады. Таңдау жасар алдында екеуі де аталған уиверситетте болып, ондағы оқу ғимараттарымен, студенттердің тұрмысымен танысып қайтқан болатын.

    Жалпы, оқу гранттарын бөлуге арналған төрт күндік байқау кезінде «Алтын белгі» иегері атанған 100-ге жуық талапкер Сүлеймен Демирел университетін таңдауы аталған жоғары оқу орнының бүгінгі биігі мен абыройын аңғартса керек.

    «Алтын белгі» иегерлері мен ҰБТ кезінде үздік білім үлгісін көрсеткен талапкерлердің СДУ-да білім алуды қалағаны қазақстандық жоғары оқу орындарының ішінде аталған университеттің алдыңғы орында екенін тағы бір дәлелдейді. Осы мәртебелерін сақтап қалу үшін мұнда жастардың сапалы  білім алып, мамандықты терең меңгеруіне және оқу кезінде жайлы тұрмыстарын қамтамасыз етуге барынша көңіл бөліп келеді.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    “Күншуақтағы” шуақты күндер

    9 months ago

    Қапшағай жағасы қоқыстан тазартылды

    1 year ago
    Инвестиция игілігі

    Инвестиция игілігі

    10 months ago
    Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

    Алматы облысында жүкті әйелге бір сәтте екі ота жасалды

    11 months ago
    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр

    Моңғолия қазақтарының кіші Құрылтайы өтіп жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.