⛅
-1°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бақыт құшағында

    13.12.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Бақыт құшағында
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Қонаев қалалық Мәдениет үйінде «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай Сүйінбай атындағы облыстық филармония «Бақыт құшағында» атты концерт өткізді. Онда ұлы композитордың халық жүрегінен орын алған әндері шырқалып, көрермен ескі күннің таспасын көз алдына елестетіп, ерекше әсерге бөленді.

    – Концертте 40 жылдық тарихы бар «Адырна» фольклорлы- этнографиялық және «Алтынай» мемлекеттік би ансамбльдері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш, Мәдениет саласының үздіктері Өмірқұл Айниязов, Бибігүл Қилымхан, филармонияның дәстүрлі әнші-күйшілері өнер көрсетті. Өңір тұрғындары музыканың құдіретінен нәр алсын деген мақсатта осы шараны ұйымдастырдық, – деді Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның директоры Нұрлан Сағынай.
    – Шәмшінің әндері ғасырларға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан асыл мұра болып қалары сөзсіз. Айтулы тұлғаның әрбір туындысында қазақтың рухы асқақтап тұрады. Бұл мерекелік кеште «Адырна» оркестрінің сүйемелдеуімен «Әнім сен едің», «Қайдасың?» атты әндерді шырқадық. Шәмшіге деген құрмет – халыққа көрсетілген құрмет, – деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құдайберген Бекіш.
    Жиналған қауым композитордың мәңгілік әуенін бірге шырқап, рухани ләззатқа бөленді. Композитордың өмір жолынан хабар беретін, жандүниесінен сыр шертетін қойылымды тамашалап, ішкі әлеміне бойлады. «Менің әнім шырқалғанда мені тыңдамаңыздар. Өз жүректеріңізге үңіліңіздер. Онда мен жоқпын, тек қазақтың үні бар» деген Шәмші Қалдаяқовтың сөзі оның бар ғұмырының құпиясы іспетті көрінді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз кірпіш зауыттары сүріле бастады

    3 years ago
    Агросала ажарын айқындайды

    Агросала ажарын айқындайды

    2 months ago
    Конституциялық мәртебесі бар институт

    Конституциялық мәртебесі бар институт

    2 years ago
    Ғалымға құрмет

    Ғалымға құрмет

    9 months ago
    Қылқаламнан қуат алған

    Қылқаламнан қуат алған

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>