⛅
-2°C
Қонаев
Сенбі, Желтоқсан 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Егіз сарбаздар – ел қорғанында

    24.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қорғаныс
    Егіз сарбаздар – ел қорғанында
    0
    SHARES
    108
    VIEWS

           Қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын күзетуде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының рөлі зор. Осы жауапты міндетті абыроймен атқару үшін Ұлттық ұланның 6654 әскери бөліміне егіз сарбаздар – Иллесов Берік Манатұлы және Иллесов Ерік Манатұлы өз еріктерімен келіп, мерзімді әскери қызметін бастап отыр. Олар алдағы бір жыл бойы аталған әскери бөлімде қызмет өткереді.

    Берік пен Ерік 2007 жылғы 10 наурызда Қарағанды қаласында өмірге келген. Егіздер түнгі уақытта, сағат 23:55 пен 00:00-де дүние есігін ашқан. Үш балалы отбасында тәрбиеленген сарбаздардың бір інісі бар. Ата-аналары оларды кішкентайынан тәртіпке, еңбекқорлыққа және елге қызмет етуге баулып өсірген.

    Егіз бауырлар орта мектепті үздік аяқтап, кейін колледжде білім алған. Берік ақпараттық технологиялар (IT) мамандығын таңдаса, Ерік менеджмент бағыты бойынша оқыған. Жастардың білімге деген ынтасы мен өмірге белсенді көзқарасы олардың азаматтық ұстанымынан да байқалады.

    Берік пен Ерік бос уақыттарын мазмұнды өткізгенді ұнатады, бірге саяхаттауға әуес. 15 жасында алғаш рет шетелге шығып, Дубай қаласында болған. Кейін Түркия, Мысыр, Вьетнам және Грузия елдерін аралаған. Сарбаздардың айтуынша, ерекше әсер қалдырған ел – Вьетнам, оның табиғаты мен ұлттық тағамдары көңілдерінен шыққан.

    Егіз сарбаздардың жеке өмірінде де ұқсастық көп. Қыз достары да егіздер – Ақерке мен Жанерке, олар сарбаздарды қолдап, әскери қызметін абыроймен аяқтап оралуын күтіп отыр.

    Берік пен Ерік әскери қызметке әскери комиссариатқа өз еріктерімен келген. Олар Отан алдындағы азаматтық борышты өтеуді әрбір ер азаматтың қасиетті міндеті деп санайды. Қазіргі уақытта егіз сарбаздар 6654 әскери бөлімінің оқу пунктінде алғашқы әскери дайындықтан өтіп, әскери жарғы талаптарын меңгеруде.

    Елге адал қызмет етуді мақсат еткен егіз сарбаздардың бұл қадамы – жас буынға үлгі, патриоттық рухтың айқын көрінісі.

    Қырғызбай Альбина Қайратқызы,

    6654 әскери бөлімінің Бөлініс бастығы (кітапхана бастығы), кіші сержант

    Ұсынымдар

    Депутаттар су ресурстары мәселелерін зерделеді

    Депутаттар су ресурстары мәселелерін зерделеді

    6 months ago
    Парыз бен Борышты арқалап

    Парыз бен Борышты арқалап

    1 year ago
    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    1 year ago
    Басты назарда – қызмет сапасы

    Басты назарда – қызмет сапасы

    4 weeks ago
    Елдімекен атаулары өзгерді

    Елдімекен атаулары өзгерді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>