[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Қаламгер еңбегі бағаланды

    04.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Қаламгер еңбегі бағаланды
    0
    SHARES
    25
    VIEWS

    Алматыдағы облыстық орта­лық әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Райымбек ауданының Құрметті азаматы Елеусіз Ахметкерім­ұлының «Дәуір дауысы» кітабы­ның таныс­тырылымы өтті. Қаламгердің 70 жасқа толуына орай ұйымдас­тырылған әдеби шараға ақын-жазушылар, журналис­тер, ауыл­дан ат терле­тіп жеткен сынып­­тас­тары мен шәкірттері қатысты.

    1955 жылдың 15 желтоқсанында Қарасазда дүниеге келген Елеусіз Ахметкерімұлының өмір жолы – қайсарлық пен талаптың, еңбектің шынайы үлгісі. Мектепте жүргенде-ақ қазақ тілі мен әдебиетін құмарта оқып, газетке мақала жазып, аудандық «Советтік шекараның» жас тілшісі атанғаны бала Елеусіздің жазушылық жолындағы алғашқы шымылдығы еді. 1975 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтына түсіп, география және биология пәні мұғалімі мамандығын үздік бітіріп шығады. Ұзақ жыл білім саласында еңбек етіп, ұстаздықтың шырағын жағып, әкімдік пен Мұқағали музейінде қызмет ете жүріп те қаламын ешқашан тастамаған. 2013 жылы «Мұқағали ақынның атамекені» атты кітабы жарық көрді. Кейін «Көңіл көкжиегінде» басылды. Енді, міне, «Дәуір дауысы» кітабы оқырманға жол тартты.
    Әдеби кештің шымылдығын Қазақстан Жазушылар одағы басқар­масы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай ашты.
    – Елеусіз Ахметкерімұлының туын­ды­­­­ларын оқығанда, оның жүрегі­нің ізі айқын сезіледі. Өмірін әдебиетке, ұстаздыққа, әсіресе мұқағалитану сала­сына арнаған тұлғаны бүгінгі биігі­мен шын жүректен құттықтаймын, – деп қаламгердің ел руханиятына қосқан үлесін айрықша атап, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының арнайы құттықтау хатын сахна төрінде салтанатпен табыстады.
    Жаңа кітаптың алғысөзін жазған ақын, халықаралық «Алаш» сыйлы­ғының иегері Биғайша Медеуова мінберге көтеріліп, тебіреніске толы тілегін жеткізді. Ол өз сөзінде:
    – Мен оның шығармашылығымен алғаш танысқанда таңғалдым. Әр сөйлемінде уақыттың иісі, қоғамның күрсінісі, адамның жан тереңдігі бар. Мұндай қалам иелері қазақ әдебиеті үшін ауадай қажет, – деп жазушы еңбегіне әділ бағасын берді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Батық Мәжитұлы ізгі тілегін арнаса, ақын, журналист Қанат Тәкебаев жырдан шашу шашты. Елеусіз Ахметкерімұлына Д.Қонаев қорының «Мерей» орденін қордың вице-президенті Дәулетбек Жанботаев табыс етті.
    Зиялы қауым сахнаға көтеріліп, жаңа туындының тұсаукесер рәсімін өткізді. 83 жастағы қарт оқырман Жеңіс Мұхамеди­ұлы ақ батасын берді. Шараның шарықтау шегінде Елеусіз ағамыздың сөзіне жазылған әндер орын­далды. Ақынның «Қарасазым, қара шал­ғын!» әнін Мұрат Өміржан шырқаса, «Сыныптас достарға» өлеңіне ән шығарған ҚР Мәдениет қайраткері Арайлым Мамырбекова жүрек тербеткен әуезді әнді тамылжытты. Кеш қонағы Бағдат Молдахметұлының «Үш меркі» әні де залды ерекше әсерге бөледі. Мерейтой иесінің немересі Көркем Елеусіз­дің де өнері кештің көркін келтірді. Соңынан сөз алған Елеусіз Ахметкерім­ұлы жиналған жұртшылыққа алғысын жеткізіп, әдебиет әлемінде әлі талай тың дүниелерге қалам сілтейтінін айтты.
    Кітаптың тұсаукесері 70 жылдық мерейтойлық дастарқанға ұласып, көптің ақ батасы мен ыстық ықыласы ақтарылып, мінезі жібектей, жүрегі жомарт қаламгердің еңбегі тағы бір мәрте бағаланды.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Қазақ метросының қара нары

    Қазақ метросының қара нары

    9 months ago
    Келелі іске бастайды

    Келелі іске бастайды

    13 hours ago
    АЭС құрылысы: Қазақстан халқы бүгін таңдау жасайды

    Президент жалпыхалықтық референдум өтетін уақытқа қатысты түсінік берді

    2 weeks ago
    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    Аграрлық сала озық технологиямен ғана алға басады

    3 years ago
    Президент принял главного исполнительного директора Cerberus Capital Management Фрэнка Бруно

    Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс кестесі мазмұнды кездесулерге толы болды

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>