⛅
-3°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Кітап – білім бұлағы

    23.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Кітап – білім бұлағы
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

          Жас ұрпақтың бойында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін қалыптастырып, ұлттық рухты сіңіруде кітаптың атқарар рөлі зор. Кітап арқылы оқушылар ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін терең танып, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге үйренеді. Осыған орай Тасашы орта мектебінің кітапханасында «Кітапхана – білімпаздар мекені» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

    –Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар кітапханамызда жеткілікті. Оқушыдан қандай шығарма ұнайтынын, қай тақырып қызықтыратынын сұрау арқылы оларға қажетті әдебиетін ұсынамыз, – дейді жиырма жылдан аса өтілі бар кітапханашы Бақытгүл Қабылова.
    Шара барысында кітапханаға саяхат жасаған балалар білімнің жаңа әлемін ашып қана қоймай, ой-өрісін кеңейтіп, кітап оқуға деген қызығушылығын арттырады.
    Иә, қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орын­дардың бірі – мектеп кітапханасы. Оқуға құлшынатын жас ұрпақ осы жерден табылады. Бүгінгі техника мен технология қарыштап дамып жатқан заманда да кітап адамның рухани азығы болып қала бермек.
    Әр бала  кітап оқыса, қуанамыз. Кітап – дүниенің байлығы. Кітап арқылы барлық жетістікке жетуге болады. Бүгінгі оқушыларымыз ертең үлкен өмірге жолдама алғанда да, әр түлек өзінің жүрегі қалаған маман­дығы бойынша еңбек етуі үшін де кітаптың тигізетін пайдасы зор.
    Жас ұрпақ осынау асыл қазынадан нәр алып, сусындай берсін дегіміз келеді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Мектеп кітапханасына 100 кітап табысталды

    Мектеп кітапханасына 100 кітап табысталды

    2 years ago
    Президенттің 2024 жылға Жолдауын жүзеге асыру: 1,3 ГВт жаңа электр қуат көзі пайдалануға берілді

    Президенттің 2024 жылға Жолдауын жүзеге асыру: 1,3 ГВт жаңа электр қуат көзі пайдалануға берілді

    6 months ago
    Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

    Аида Балаева халықпен кері байланысты нығайтуға шақырды

    4 months ago
    Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды

    Қапшағай су қоймасында бес адам құтқарылды

    3 years ago
    КЕТБҰҚАНЫҢ СОҢҒЫ ШАЙҚАСЫ

    КЕТБҰҚАНЫҢ СОҢҒЫ ШАЙҚАСЫ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>