Жаңа жыл қарсаңында Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында орналасқан «Balatime» инклюзивті балаларды дамыту орталығында ерекше әсерге толы мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылды. Шара демеушілер мен ауылдық әкімдіктің қолдауымен өтті.
Түрген ауылының әкімі Жұлдыз Ескелдиева балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, орталық ұжымына атқарып отырған игі істері үшін алғыс білдірді. Мерекелік кешке демеуші болған Сыдықжан Тұрдиев, Санам Тұрдиева, Ақнұр Саятқызы, Қанат Абдуллаев, Саяжан Саятқызы, Қасен Данияр, Анаят Саятқызы, Назира Қайратқызы сынды жомарт жандар балаларға қуаныш сыйлады.
Кеште қызықты әрі көңілді бағдарламалар, аниматорлардың қатысуымен ойындар ұйымдастырылып, тәтті сыйлықтар табысталды. Бүлдіршіндердің жүзі жайнап, шаттық пен қуанышқа бөленді.
«Balatime» инклюзивті дамыту орталығы осындай игі бастамалар арқылы балалардың жарқын болашағына үлес қосып, қоғамда мейірім мен бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра бермек.
Гүлнар Сәрсенқызы,
«Balatime» орталығының мұғалімі
Еңбекшіқазақ ауданы




