☀️
-2°C
Қонаев
Бейсенбі, Желтоқсан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тәрбие бесіктен басталады

    23.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Тәрбие бесіктен басталады
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

        Еңбекшіқазақ ауданындағы Отбасын қолдау орталығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында «Отбасы берекесі – әйелде» атты семинар-тренинг өтті. Аталған шара ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуетін көтеруге, олардың өмір сапасын жақсартуға бағытталды.

    Қазақта «Әке ұлды тәрбиелейді, ана ұлтты тәрбиелейді» деген ғибратты сөз бар. Ендеше ұлттың ұлы, елдің еңселі болуы балаға бесікте берілген тәрбиеге тікелей байланысты. Ал өнегелі ұрпақ өсіру үшін ізгі қасиеттер алдымен ананың өз бойынан табылуы – заңдылық. Сондықтан әйел қауымына, ана мен балаға қолдау білдіру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты бағыттарының бірі.
    Облыстық ішкі саясат басқарма­сының қолдауымен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған іс-шараға ауыл әйелдері, жас аналар және әлеуметтік осал санаттағы нәзік жандар қатысып, өзара тәжірибе алмасты.
    «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігінің директоры, заң ғылым­дарының магистрі Гүлім Нұрғалиева қауіпсіз қоғамның негізі – құқықтық сауат, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, тұрмыстық құқықбұзушылықтың жолын кесу жайлы сөз қозғаса, Еңбекшіқазақ аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Нүсіп Құдайбердиев аталған мәселелерге қатысты орталықтағы жұмыстың жай-жапсарымен бөлісіп, аудандық ішкі істер басқармасы отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Гүлназ Сұлтанай тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша орын алған оқиғаларға тоқталды.
    Отбасындағы қарым-қатынас, жанашырлық пен өзара қолдау, тыныштық пен үйлесім орнатудағы әйел адамның рөлі, жалпы әйел жанының тыныштығы, психологиялық тұрақтылығы, күйзеліс пен сыртқы әсерге қарсы тұра алуы, тұлға ретінде дамып, айналасындағылардың да қанатын кеңге жаюына жағдай жасай алуы сынды мәселелерді қамтыған психолог Мархаба Қалиева іс-шара қатысушыларына «Әйелдің ішкі ресурсы және отбасындағы үйлесім» атты психологиялық тренинг өткізіп, сұрақтарға жауап берді.
    Ана мен баланы, әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау, кәсіп ашамын дейтін жандарға мемлекеттен көрсетілетін көмек аз емес. Десе де, аталған бағдарламалар туралы көпшілік анық-қанығын біле бермейді. Жиында мемлекеттік гранттардың егжей-тегжейін толық түсіндіріп, «Бизнес бастау және әлеуметтік кәсіпкерлік» тақырыбында әлеуметтік кәсіпкер Салтанат Қадырова шеберлік сабағын өтті. Қаржылық сауаттылық негіздері, отбасы бюджеті мен жинақ жоспары, несие мен қарызды басқару, қаржылық еркіндік жолдары туралы да сөз қозғады.
    «Біріңіз үйде отырып-ақ тәтті тоқаш, нан-бауырсақ пісіресіздер, енді біріңіз тоқыма не тігінмен айналысасыздар. Осы өнерлеріңізді кәсіпке айналдырып, қаржы табу мүмкіндіктеріңіз бар», – деген Салтанат Мұратбекқызы табысты әйелдер өмірінен мысалдар келтіріп, бизнес идеялар жайында кеңінен әңгімеледі.
    «Бүгінгі семинар-тренинг сіздерге пайдалы болды деп сенеміз. Бойымызда бұғып жатқан мүмкіндіктерімізді пайдаланып, өмірді барынша жақсы жаққа бұруға әрекет етейік», – деген Гүлім Нұрғалиева қатысушыларға сертификат табыстады.
    Мұндай семинар-тренинг облыстың 7 ауданында өтіп, 200-ден астам адам қатысқан. Олар болашақта өз кәсібін бастап, мемлекет тарапынан беріліп жатқан мүмкіндіктердің игілігін көрері хақ.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жазғы лагерьге 50 жолдама берілді

    Жазғы лагерьге 50 жолдама берілді

    2 years ago
    Дәрі-дәрмек. Көрнекі сурет

    Дәрі-дәрмекті өзіміз де өндіреміз

    3 years ago
    Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

    Алтайдан ұшқан Ақсұңқар

    10 months ago
    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    ТІЛТАНУДАН – ҰЛТТАНУҒА!

    8 months ago
    АБЫРОЙ АСУЛАРЫ

    АБЫРОЙ АСУЛАРЫ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>