⛅
25°C
Қонаев
Жексенбі, Сәуір 26, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлттық ойын ұрпақты шыңдайды

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ұлттық ойын ұрпақты шыңдайды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Тоғызқұмалақ – халқымыздың көне дәуірден жеткен ұлттық спорты. Бүгінде бұл ойынға деген қызығушылық артып, жас буын арасында кеңінен насихатталып келеді. Осы бағытта Кегендегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде тоғызқұмалақтан оқушылар арасында турнир өтті.

    Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Қамқор-Кеген» облыстық есту қабілеті нашар мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған жарысқа аудандағы орта мектептерден келген 30-ға жуық оқушы қатысып, өнерін ортаға салды. Турнир барысында тоғызқұмалақтан республиканың 11 дүркін чемпионы Гүлсім Мұсаева арнайы шеберлік сағатын өткізіп, қатысушыларға ойынның қыр-сырын, әдіс-тәсілін таныстырды. Бұл тағылымды кездесу жас спортшылардың ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттырып, оның терең философиялық мәнін түсінуге жол ашты.
    Күні бойы тартысты өткен бәсекеде оқушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, тапқырлық пен стратегиялық ойлау қабілеттерін дәлелдеді. Бапкерлердің еңбегі мен жүйелі дайындықтың нәтижесінде бірқатар дарынды оқушы суырылып алға шықты.
    Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға арнайы диплом, медаль және естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мен қонақтар қатысушыларды жетістіктерімен құттықтап, турнирдің ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жастардың зияткерлік әлеуетін арттырудағы маңызын атап өтті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Бастаманы ауқымдау және оны практикалық тұрғыдан іске асыру
    25.04.2026
    «Таза Қазақстан» – идеология мен құндылықтың платформасы
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ СЕНБІЛІККЕ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСТЫ
    25.04.2026
    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    “Таза Қазақстан” акциясы – елдік бастама
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>