❄️
-17°C
Қонаев
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа жобаларға тың серпін

    19.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Жаңа жобаларға тың серпін
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

      Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Аlatau middle corridor group» компаниясының өкілдерімен кездесті. Онда екі тарап Алатау қаласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жайын талқылады.

    Ең алдымен «Аlatau middle corridor group» компаниясының өкілдері облыс басшысына «Alatau» арнайы экономикалық аймағын дамытуға бағытталған жобаларды таныстырды. Онда көлік-логистикалық жобаларға басымдық берілген. Бұл қатарда көлік паркі, жүк қоймасы, бизнес орталықтары, әуежай мен теміржол терминалы және коммерциялық нысандар бар. Компания өкілдерінің айтуынша, қазір «Alatau» арнайы экономикалық аймағында ауқымды қойма алаңдары салынуда. Сонымен қатар жалпы құны 73,3 млрд теңгеге бағаланған заманауи көлік-логис­тикалық орталығының құрылысы жүріп жатыр. Бұл орталыққа шетелдік кәсіпкерлер қызығушылық танытуда. Олардың арасында көршілес елдердің алпауыт компаниялары бар. Аталған орталық Қытайдан Оңтүстік-Шығыс Азияға, Қазақстан, Ресей арқылы Еуропа мен Скандинавия елдеріне шығатын көлік дәлізі мен өзге де бағыттардың дамуына зор мүмкіндік береді.
    «Аlatau middle corridor group» өкілдері аймақ басшысына өздеріне тиеселі құзірет шеңберінде заманауи қаланың инфрақұрылымын дамыту бағытында халықаралық әріптестік­ті нығайтуға күш салып жатқанын жеткізді. Салынып жатқан нысан­дарда робототехникалық және цифр­лық жүйелерді кеңінен пайдалану көзделеген.
    Өз кезегінде Марат Елеусізұлы «Аlatau middle corridor group» ЖШС өкілдеріне Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жаңа инвестициялық жобаларды іске қосуда ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын тілге тиек етті. «Қазір қала аумағында 21 мыңнан астам жұмыс орнын қамтитын 41 жоба жүзеге асып жатыр. Оның ішінде жалпы құны 1 трлн теңгені құрайтын 18 ірі өндіріс бар. Олардың қатарында PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», ASP Arena, QazQon Hub, АВЗ және Исткомтранс секілді жетекші кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр. Жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын Alatau АЭА өңір экономикасының жаңа өсу нүктесіне айналып келеді. Аймақтың 24 мың гектардан астам аумағы агроөнеркәсіптік жобаларды іске асыруға бағытталған», – деді Марат Елеусізұлы.
    Кездесу соңында аймақ басшысы жаңа қаланың заманауи келбетін қалыптастыру жолында еңбек етіп жатқан «Аlatau middle corridor group» ЖШС өкілдеріне алғыс білдіріп, әкімдік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

    Ермұрат МҰҚЫРБАЙ

    Ұсынымдар

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Әкім: Еңбекшіқазақ ауданында 54 елдімекен 5 жылда газға қосылады

    3 years ago
    «Таза бейсенбі»: Қарасай ауданының тұрғындары көше бойынан 6 тонна қоқыс шығарды

    «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш қабылдануда

    1 year ago
    Трамптың тарихи  жеңісі

    Трамптың тарихи  жеңісі

    1 year ago
    Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

    Қазгидромет: Алматы облысында ауа-райы күрт бұзылады

    3 years ago
    Жаңа Ата Заң – жаңа құндылық

    Жаңа Ата Заң – жаңа құндылық

    4 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>