[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Жанардағы жан бояуы

    20.12.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Жанардағы жан бояуы
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

        Әдеби панорама – жай ғана сапар емес, бұл ақын жүрегінің туған жермен қайта табысқан сәті. Алматы облысының Кеген, Райымбек, Балқаш аудандарына бағыт алған рухани керуен әр қадам сайын табиғаттың тылсым тілін, елдің ескі әуезін, жердің жанға жақын сырын ашты. Тау мен түз, өзен мен құм, самал жел мен түнгі аспан – бәрі де ақын жанарынан өтіп, көңіл сүзгісінен сүзіліп, жыр болып өрілді.

    Кеген мен Райымбектің асқақ шыңдары ақын жүрекке ғасырлар бойы үнсіз тұрған шежіре секілді көрінді. Қара­ғайы мен қайыңы сыбдыр­лаған қоңыр таулардан өткенде қасиетті өлкенің әр тасы мен әр бұлағы тарих сөйлеткендей әсер қалдырды. Мұнда елдік пен ерліктің ізі бар, ұлы тұлғалардың табаны тиген, аңыз бен ақиқат астасқан мекен бар. Ал Балқаш ауданына жеткенде табиғат мүлде басқа бояуға енді. Кең құлашты дала, толқынды өзен, қоянжалды құмдар, шексіз көкжиек сартап сағынышқа қайта жетелеп әкелді. Су мен құмның, үнсіздік пен кеңдіктің үйлесімі жүректе баяу тербелген әуенге айналды.
    Осы сапар барысында туған әсерлер мен ішкі толғаныстар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұхтар Күмісбектің «Жанардағы жан бояуы» атты кітабына арқау болды. Бұл жинақ – жол үстінде жазылған күнделік қана емес, туған жермен сырласудың, өткен мен бүгінді жалғаудың көркем шежіресі. Ондағы әр көрініс, сезінген әр сәт, алапат ғашықтық бірге өріліп, жанардағы түпсіз терең бояуға айналды.
    Жинақ төрт тараудан тұрады. «Айға қонған ауыл» – түнгі тыныштықта ауыл үстіне төгілген ай сәулесін ғана емес, сол ауылдың тағдырын, тіршілігін, қарапайым адамдардың биік болмысын жырлайды. Бұл тарауда ауыл географиялық ұғымнан гөрі, рухани мекен ретінде көрінеді. «Сағыныш сапары» – жол үстіндегі жүрек қозғалысы. Мұнда алыста қалған балалық шақ, туған топыраққа деген іңкәрлік, жылдар бойы іште жиналған аңсар жыр болып өріледі. «Жарық түн ностальгиясы» тарауында түннің өзі сөйлейді. Жұлдызды аспан астындағы ойлар, өткенге деген тәтті мұң, адам жанының ең нәзік күйі бейнеленеді. Ал «Тін тартқан әуен» – қанмен келген, жанмен жалғасқан үн. Бұл тарауда ел тарихы, ұлы тұлғалардың өмір жолы, ата-баба рухы мен бүгінгі ұрпақ арасындағы көзге көрінбес байланыс жырланады.
    Кітаптың әр бетінде ел мен жердің тарихы, махаббат хикаялары, тұлғалардың тағдыры, ауылға деген сағыныш бір-бірімен табиғи үндестік табады. Кейіпкерлер табиғатты сырттай суреттемейді, оны өз жүрегінің ішкі әлемімен астастырады. Сондықтан бұл жырлардан тау да, көл де, ауыл да – бәрі тірі бейнеге айналады.
    «Жанардағы жан бояуы» – әдеби панорама аясында туған туынды емес, ақынның туған жерге тағзымы, рухани парызының өтеуі. Бұл кітап – жолдан басталып, жүректе аяқталған сапардың көркем нәтижесі. Оқырман жинақты парақтағанда, тұмса табиғаттың самалын сезіп, таулардың кең тынысын көреді. Өз көңіліңдегі сағыныш пен үміттің де үнін естиді.
    Бұл кітапты сен бір оқиғаны білу үшін емес, өзіңді қайта табу үшін оқисың. Өйткені «Жанардағы жан бояуы» – адам жүрегінің ең алғашқы дірілі сақталған рухани айна.
    Бұл кітапты оқу керек, егер сен алғашқы алаңғасар махаббатты ұмытпаған болсаң. Сол бір аңғал сезім… Қарапайым ғана қарасудан басталып, жүректі дүр сілкіндірген, бірауыз сөзге сыймайтын, бірақ бір ғұмырға жететін тәтті күй. Мұнда махаббат асқақ мінберден айтылмайды. Ол ауыл көшесінде, кешкі салқынмен бірге есетін самалда, ай астында үнсіз тұрған екі жастың көзқарасында өмір сүреді. Кейіпкер сол сезімді боямасыз, балғын қалпында ұстап қалады. Оқырман оны оқи отырып, өз жүрегіндегі сол бір алғашқы махаббатқа қайта жолығады.
    Бұл кітапты оқу керек, егер сен ішкі тыныштықты іздесең. Қала дабылы қажытқанда, уақыттың жылдамдығы жанды шаршатқанда «Жанардағы жан бояуы» сені баяу оқуға, терең ойлауға үйретеді. Мұнда әр жол – аялдама, әр өлең – тыныс. Табиғат та, адам да асықпайды. Өмір өз қалпында, өз әуезімен ағады.
    «Жанардағы жан бояуын» оқығанда сен ақынды емес, өзіңді оқисың. Өйткені әр адамның жанарында бір кезде бояуы төгілмей қалған сезім бар. Сол бояу қайта төгіледі.

    Жангелді Немеребаев,
    ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?

    10 months ago
    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    9 months ago
    2026 жылы МӘМС кімдер үшін қолжетімді болады?

    2026 жылы МӘМС кімдер үшін қолжетімді болады?

    1 month ago
    Қилы кезең құрбандары

    Қилы кезең құрбандары

    7 months ago
    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    «Строительная» саяжайындағы 1-трансформатор іске қосылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>