❄️
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ – АДАЛ ҚОҒАМҒА АЛАТАУДАН БАСТАМА

    02.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам, Құқық-заң
    ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ – АДАЛ ҚОҒАМҒА АЛАТАУДАН БАСТАМА
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Бүгінгі қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі – жемқорлыққа қарсы күрес. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің дамуын тежейтін, халықтың билікке деген сенімін әлсірететін қауіпті індет. Сондықтан адалдық қағидаттарын қалыптастыру, әр азаматтың жауапкершілігін арттыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Алатау қаласы бұл бағытта нақты ұстаным қалыптастырған өңірлердің қатарында. Қаламызда «Жемқорлыққа жол жоқ» қағидаты тек ұран ретінде емес, күнделікті жұмыстың нақты негізі ретінде іске асырылып келеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуде ашықтықты қамтамасыз ету, цифрлық форматқа көшу, қоғамдық бақылауды күшейту – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтудың басты тетіктері саналады.

    Қоғамдық пікір көшбасшылары ретінде біз халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға ерекше жауаптымыз. Әрбір азамат өз құқығын білуі, кез келген заңсыз әрекетке төзбеушілік танытуы тиіс. Тек осылай ғана біз адал қоғам қалыптастыра аламыз. Өйткені жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, тұтас қоғамның ісі.

    Алатауда мемлекеттік қызметшілердің этикасы мен жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Арнайы кездесулер, түсіндіру іс-шаралары, ашық диалог алаңдары ұйымдастырылып, тұрғындардың өтініш-шағымдарын тікелей тыңдау тәжірибесі жолға қойылған. Әрбір көтерілген мәселе ашық қаралып, оның заң шеңберінде шешілуіне баса мән беріледі.

    Жемқорлықсыз қоғам – әділетті қоғам. Әділет бар жерде даму бар, тұрақтылық бар, халықтың болашаққа деген сенімі нығаяды. Сондықтан әр тұрғын өзінің азаматтық ұстанымын айқын білдіріп, адал еңбек ету арқылы еліміздің ертеңіне үлес қосуы қажет.

    Алатау қаласы үшін тазалық пен әділдік – басты құндылықтар. Біз жемқорлыққа қарсы күресте бірлік танытып, заң үстемдігін берік сақтаған жағдайда ғана өркениетті, өрелі қоғам құра аламыз.

    Алатаудан басталған адалдық – бүкіл елге үлгі болуы тиіс!

    Риза Саурбаева,

    Алатау қаласының қоғамдық кеңесінің төрайымы

    Ұсынымдар

    Эксперты объяснили, почему в Казахстане повышают ставку НДС

    Эксперты объяснили, почему в Казахстане повышают ставку НДС

    11 months ago
    Ғылымды дамыту – заман талабы

    Ғылымды дамыту – заман талабы

    1 year ago
    Күміске қол жеткізді

    Күміске қол жеткізді

    5 months ago
    Әдеби байқау жарияланды

    Әдеби байқау жарияланды

    2 years ago
    АЛДАСПАН АЗАМАТ

    АЛДАСПАН АЗАМАТ

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>