⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс

    17.01.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Денсаулық
    Аида Балаева: Білім мен медицинадағы қаржыландыру жүйесі әділ әрі ашық болуға тиіс
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Мемлекет басшысы таяуда «Түркістан» газетіне берген сұхбатында білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жүйесін реформалау туралы атап өтті. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева пікір білдірді.

    Айтуынша, бұл ретте ең алдымен, жекеменшік мектептерді, балабақшаларды, даму орталықтарын және медициналық емханаларды «жан басына сәйкес қаржыландыру» мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

    Осыған байланысты Үкімет жекеменшік ұйымдарға берілетін мемлекеттік тапсырыс тетіктеріне жан-жақты талдау жүргізіп, бірқатар көкейкесті мәселелерді анықтады. Атап айтқанда, жүйелерді ауқымды цифрландыру барысында салада бұрын байқалмаған заңбұзушылықтар мен олқылықтарды анық көрсетті. Бұл өз кезегінде аталған салалардағы бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сай келмейді. Кейінгі 8 жылда жекеменшік мектептердің саны жеті есе артты. Бүгінде олар жеті жүз сексен беске жетті. Соған сәйкес бюджетке түсетін салмақ та күрт көбейді. Шығындар 2020 жылы он үш миллиард болса, 2025 жылы екі жүз қырық екі миллиардқа дейін өсті, – деп атап өтті вице-премьер.

    Сонымен қатар Аида Балаева 2020 жыл мен 2025 жылдар аралығындағы инвестициялық шығын жүз он бір миллиард теңгені құрағанын алға тартты. Бұл қаражатқа шамамен отыз бес жаңа мектеп салуға болады.

    Соған қарамастан басты мақсат – орын тапшылығы мәселесін әлі де жоя алмадық. 2025 жылы бұл жетіспеушілік екі жүз елу бір мың орынға жетті. Бұл – облыстағы тұтас бір қаланың халқымен бірдей көрсеткіш. Жекеменшік мектептердің көбеюі білім сапасының төмендеуіне алып келді. Көптеген білім ошақтары нақты өңірлік қажеттілікті ескермей, ретсіз ашылды. Мәселен, олардың сексен пайызға жуығы жалға алынған ғимараттарда жұмыс істейді. Ал директорлардың біліктілігі мәселесі де сын көтермейді. Мектеп ғимараттары бизнес меншігінде қалып отыр. Жиырма жылдан кейін олардың түпкі мақсаты өзгеріп кетуі мүмкін. Бұл жүйеге деген сенімді азайтып, бюджет қаржатының тиімділігіне күмән тудырады, – дейді Аида Ғалымқызы.

    Соңғы жаңалықтар

    Мереке қарсаңында ғылымдағы әйелдер пәтерлі болды
    07.03.2026
    Қонаев гарнизонында роталық тактикалық оқу-жаттығу өтті
    07.03.2026
    Алматы облысында Жаңа Конституцияны қолдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде
    07.03.2026
    Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына арналған ұсынымдар
    07.03.2026
    Жанкүміс ЖӘМЕҢКЕ, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты: Газет – ұлтқа қызмет ететін ұлы мінбер
    07.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>