Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қаңтарда Turkistan газетінде жарияланған ауқымды сұхбатында энергетика және коммуналдық инфрақұрылым саласындағы реформалар туралы айтқан сөздері өте маңызды. Елдің энергетика жүйесін жаңғырту және коммуналдық сектордағы әділетті тарифтерді енгізу – әлеуметтік теңсіздікті жоюдың басты қадамы. Қазіргі реформалар тек инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, сонымен қатар, энергияның тиімді пайдалануын қамтамасыз етіп, азаматтардың шығындарын төмендетуге ықпал етуі тиіс. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамның игілігі үшін маңызды әрі келешекте тұрақты экономиканың негізін қалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, халықтың көзі үйренген ескі жүйеден бас тарту және жаңа, нарықтық қағидаларға негізделген әділ шешімдер қабылдау – оң нәтижелерге жетудің кілті. Әлеуметтік әділеттілік тұрғысынан, мемлекет көмекке шын мұқтаж азаматтарға ғана тікелей қолдау көрсетуі тиіс, ал тарифтердің әділ бөлінуі бұл үдерісті жетілдірудің тиімді жолы болмақ.
Ғафур Сүйіндіков,
Іле ауданы, ардагер энергетик




