Бүгін Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының жобасын таныстырды. Бұл – бір жай ғана түзету емес, құқықтық жүйені түбегейлі қайта қарастыратын кең ауқымды жоба. Жоба мәтіні Конституцияның 84 пайыздан астам бөлігін қамтып, 77 бапқа өзгерістер енгізуді көздейді. Сондай-ақ жаңа преамбула, 11 бөлім және баптардың қайта құрылымдалған жүйесі ұсынылып отыр.
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, құжатты дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары толық ескерілген. Ендеше, бұл құжат болашақта ел игілігі үшін қызмет етеді деп сенеміз.
Бағдат Рахимов,
AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиал төрағасы




