-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Экоакция аясында өзен арналары тазартылды

    04.07.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    Фото: gov.kz

    0
    SHARES
    27
    VIEWS

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы облысының тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда. Бүгінгі экологиялық іс-шараларға Алматы облысың жүздеген тұрғыны жиналды, олардың арасында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер және еріктілер бар.

    Акцияның басты мақсаты – ортақ үйімізді таза және көрікті мекен ету, экологиялық мәселелерді басты назарға алып, қоршаған ортаны қорғау.

    Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындарының қатысуымен Қарғалы өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Аталған іс-шараға жүздеген тұрғындар қатысып, өзен жағалауының тазаруына өз үлестерін қосты.

    2024 жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясына 7 мыңнан астам адам, 369 кәсіпорын, ұйымдар мен мекемелер қатысып, 100 аула, 65 көп қабатты тұрғын үйлер, 44 жеке тұрғын үй, 14 саябақ пен алаң, 7 тарихи мәдени ескерткіштер, 211 әлеуметтік нысандар, 8 өнеркәсіп және бизнес объектілері, 155 шаршы метр өзен жағалауы және 121 метр арық бойы тазаланды, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

    Жоғарыда аталған ауданда 29 маусым күні 1569 адамның, 64 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 11 аула, 9 көп қабатты тұрғын үйлер, 3 саябақ пен алаң, 4 тарихи мәдени ескерткіштер, 65 әлеуметтік нысандар, 5 өнеркәсіп және бизнес объектілерлері, 35 шаршы метр өзен жағалауы және 27 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

    Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округінің тұрғындары Байынқол өзенінің арнасын тазарту бойынша сенбілікке шықты. Экологиялық іс-шараға 50-ден астам адам қатысты, тазарту жұмыстарына 1 самосвал, 1 трактор жұмылдырылды. Өзен арнасын тазарту – су ресурстары учаскесіне күтім жасау және оған ұқыпты қарау бойынша маңызды іс-шара саналады.

    Райымбек ауданында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 24000 адам, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 467 аула, 1000 жеке тұрғын үй, 11 саябақ пен алаң, 42 тарихи мәдениет ескерткіші, бизнес нысандары, өзен жағалауы мен арықтың 28700 шаршы метрі тазаланып, 185 жүк көлігінің тасымалдауымен 310 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

    Акция соңында қатысушыларға ашық ауада флэшмоб ұйымдастырылды, оған әр түрлі тақырыптағы үш команданың жарыстары кірді. Бұл іс-шараларға 150-ден астам адам қатысты. Қорытындысы бойынша қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бұл өңірлерде экологиялық сауатты арттыру және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мақсатында “Тазалық сақтайық” атты челлендж ұйымдастырылды.

    Айта кететін жайт, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары тартылды. Облыс бойынша барлығы 450 мың адам қатысты, 850-ден астам ескерткіштер мен мұражайлар тазартылды, 19 506 тонна қоқыс шығарылды, 45 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды, 2304 бірлік мамандандырылған техника тартылды. Облыстың 340 мың оқушысының қатысуымен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы ұйымдастырылды.

    Ұсынымдар

    Шаруаларға дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылданып жатыр

    Дизель жеткізуге өтініш қабылдау басталды

    1 year ago
    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    Мемлекет басшысы азық-түлік инфляциясының басты себебін атады

    2 years ago
    Қарасаздан көне қалашық табылды

    Қарасаздан көне қалашық табылды

    8 months ago
    Нарық сұранысына сай

    Нарық сұранысына сай

    10 months ago
    Қарасайлық дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

    Қарасайлық дәрігерлер ауыр хәлдегі науқасты құтқарды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>