⛅
-4°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Еңбекпен өрілген өмір

    17.01.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар
    Еңбекпен өрілген өмір
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Райымбек ауданына қарасты Сарыжаз ауылындағы Алтынбек Сәрсенбаев атындағы орта мектепте еңбек ардагері Серікбай Бертаевтың туған жері мен еліне сіңірген қызметін арқау еткен «Еңбекпен өрілген өмір» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

    «Тоғанай Т» баспасынан жарық көрген кітаптың авторы – журналист Нұрболат Абайұлы. Аталған еңбекте ата-бабадан бастау алатын төрт ұрпақтың тарихы, әулет мүшелерінің туған жері мен елінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі бас кейіпкер Серікбайдың өз аузымен баяндалады. Кітап «Бабалар өмірін ұластырған ұрпақтар», «Өмір өрнектері», «Ұлағат осылай ұласады», «Жаны ізгіге – жақсы сөз», «Сарғайған газет беттерінен» атты бес бөлімнен тұрады.
    Серікбай Мұқаметқалиұлы 1947 жылы Сарыжаз ауылында туған. Саяси жүйенің құрбаны болған әкесін көрмегенімен, шешесі Күлше Әлиқызының тәрбиесін бойына сіңіріп өсті. Орта мектепті тәмамдаған соң шаруашылық жұмысына араласып, қайнаған қызу еңбектің бел ортасынан табылды. Ұзын бойлы, қара күшке мығым жас жігіт өзін әрдайым қоғамның белсенді мүшесі ретінде санады. Алғаш ауылдағы кәсіптік-техникалық училищені, кейіннен Түргендегі механизаторлар дайындайтын 4 айлық курсты бітіріп, тракторшы мамандығын алған Серікбай ұжымшар жұмысының қай саласы болса да бар ынта-ықыласымен орындады. Өзіне бекітілген шынжыр табанды «ДТ-75» тракторымен шаруашылықтың науқандық жұмыстарынан шет қалған жоқ. Ұжымшарға жаңа келген «К-700» тракторының рөліне де алғашқылардың бірі болып отырып, ауыр техниканы тізгіндеді. Еңбекқорлығының арқасында арнайы жолдамамен Ауыл шаруашылығы институтына сырттай оқуға түсіп, агроном мамандығын алып шықты. Қатардағы қызметкерден бас агроном лауазымына дейінгі жолды еңсерді. Өткен ғасырдың 80-жылдары ұжымшар астық өсіру мен мал азығын дайындауда ауданда алдыңғы қатардан көрінсе, мұндай жетістік бас агрономның ізденісті еңбегінің нәтижесі екенін жұртшылық жақсы біледі. Ол кезінде компартияның мүшесі ретінде қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Ауылдағы түйткілді мәселелердің оңтайлы шешілуіне мұрындық болды. Омырауында жарқыраған 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені, «Еңбекте үздік шыққаны үшін», «Еңбек ардагері» медальдары, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар, Райымбек ауданының Құрметті азаматы атануы – ерен еңбегі мен ұтқыр ұйымдастырушылығының жемісі.
    Серікбай Бертаев – өнегелі отбасының отағасы. Зайыбы Нұрбәтіш Бекенқызы екеуі алты баланы қатарынан кем қалдырмай өсірді. Олардан немере сүйді, шөбере көрді. Бүгінде жасы сексенді алқымдаған абзал ағаның өскелең ұрпаққа айтар ақылы, көрсететін өнегесі көп.
    Кеш барысында Серікбай аға замандастарына, ұрпақтарына ұлағат болар әсерлі әңгіменің тиегін ағытты. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға салауатты да салмақты жауап берді. Заманға тыныштық, елге береке мен бірлік тіледі. Сарыжаз ауылының әкімі Сайлаубек Жетпісбаев, ауыл ақсақалдары Қайрат Қазақбаев, Көктеубай Тұрарбекұлы, Әбдібақас Тараншиев, Тұрсынбай Исанбеков, Нұрлан Әкімбайұлы, Жантелі Мұқи, кітап авторы Нұрболат Абайұлы, қыздары, немерелері сөйлеп, ақжарма тілектерін жеткізді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    3 years ago
    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

    2 years ago
    Әкім: Кеген ауданына инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылмай отыр

    Әкім: Кеген ауданына инвестиция тарту дұрыс ұйымдастырылмай отыр

    3 years ago
    Алдын алса, алаяқтық азаяды

    Алдын алса, алаяқтық азаяды

    3 months ago
    Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>