[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғалым ғибраты

    Әдібай Табылдиевтің туғанына – 100 жыл

    13.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ғалым ғибраты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Әрбір ұлттың генофондының негізі танымал тұлғалардан тұрады. Ұлттың ақыл-ойын, парасатын құрайтындар да осы топ, яғни тұғырлы тұлғалар. Олар – заманның желінен ықпайтын, шындықтан қашып бұқпайтын, сабыры үгілмейтін, ұсаққа үңілмейтін, көкірегі сыр-сандығын пендешіліктен таза ұстайтын, өнерді өрістетіп, ғылымды өрге сүйрейтін ерекше талант иелері.

    Өмір-өзен қалай тулап жатса да, уақыт қандай өзгеріске түссе де арнасынан аумайды, тарихтың тамырын дәл басады. Ел басына күн туып, бағытын таппай жаңылғанда ең алдымен тұлғаларын іздеп табатыны, үлкен үміт артатыны да сондықтан болса керек. Осындай тұлғалар қатарында ақын, жазушы, драматург, педагогика ғылымдарының докторы Әдібай Табылдиев ағамыздың да орны өзінше дара.
    Ол кісінің шығармашылығы мен қайраткерлігі, жазушылық шеберлігі, ғылым жолындағы ерен еңбегі турасында аз жазылып, аз айтылып жатқан жоқ. Адамның туған жері, тамыр жайып, көктейтін ортасы болса, Әдібай Табылдиевтің де өскен топырағы – қасиетті ақбас Алатау мен қарт Қаратаудың ортасынан ойып тұрып орын тепкен Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы.
    Өмір өріне табандылықпен ұмтылып, балалар әдебиетін дамытуға, қазақтың қаймағы бұзылмаған халықтық педагогикалық мұрасын жаңғыртуға бағытталған ғалымның табанды еңбегі – ұлттық руханият пен педагогика тарихында шоқтығы биік дүние, тағылымды шежіре.
    Тумысынан зерек те алғыр, мақсаты айқын Әдібай Табылдиев 1948 жылы Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық училищесін, 1955 жылы ҚазПИ-ді (қазіргі Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) үздік тәмамдаған. Осы орайда бұл кезең ағамыздың кәсіби дүниетанымының, ұстаздық пен ғылыми бағытының қалыптасуына негіз қалағаны анық.
    Еңбек жолын 1944 жылы Тұрар Рысқұлов ауданында мұғалім болудан бастаған Әдібай ағамыздың қызметі сұрапыл соғысқа аттанғанға дейін ауыл балаларына білім берумен қатар, тыл еңбегіне де белсене араласқаны туралы қазіргі жергілікті өлкетанушылар арасында да тағылымы мол естеліктер айтылады. Соғыстан кейінгі жыл­дары Жамбыл облысындағы мектеп­терде мұғалім, оқу ісінің меңгеру­шісі, директор қызметтерін атқара жүріп, білім беру саласында қор­даланған мәселелерді шешуде де табандылығымен танылған.
    Әдібай Табылдиевтің 1960 жылдар­дың соңында «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында аға редакторлықтан басталған қызметі ұлттық ғылым саласын дамытуға деген қызметімен ұштасқандығын аңғарамыз. 1980 жылдан бастап қазіргі ҚазҰУ-да оқытушы, доцент, ал 2005 жылдан профессор ретінде жоғары білім мен ғылым саласында үздіксіз қызмет етті.
    Әдібай Табылдиевтің 2004 жылы «Қазақ этнопедагогикасының негіздері» атты докторлық диссер­тациясының ұлттық педагогика­лық мұраларымызды қайта жаңғыр­тудағы, ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі зор болғандығын ешкім де жоққа шығара алмайды. 120-дан астам энциклопедиялық мақала, 10-нан аса ғылыми-әдістемелік оқу құралы мен бағдарламалардың авторы ретінде педагогикалық ғылым саласында өзіндік із қалдырған Әдібай ағамыздың балалар әдебиетіндегі қызметі де орасан. Ғалым баланың психологиялық ерекшелігін терең ескере отырып, білім мен тәрбиені құрғақ өсиет емес, көркем сөз, бейнелі ой, өмірмен астасқан мысал арқылы жеткізуді басты қағида етті. Оның жас ұрпаққа арналған өлеңдері мен әңгімелерінде еңбекқорлық, уақытты қадірлеу, адалдық, жауапкершілік, ізденіс пен ынта сияқты құндылықтар ірі педагог-жазушы ретіндегі шеберлігін де айшықтайды.
    Әрбір дәуірдің, заманның, қоғамның өзіндік тарихи шежіресін, бүгінгі өмір шындығын ұлы ойшылдардың танымы терең туындылары арқылы біле аламыз. Мұндай туындыларда тарих беттері парақталып қана қоймай, әрбір ұлттың тарихымен тікелей үндесіп, болмысымен біте қайнасып жатқан адамгершілікпен, парасаттылық, салт-дәстүр, дүниетаным ұғымдары, философиялық ой, көркемдік пен сұлулық, патриотизм, эстетикалық нәр тұнып тұр. Тек соны зерделі пай­далануды қажет етеді. Олай болатын болса, Әдібай Табылдиев – қазақ этнопедагогикасын ғылыми жүйеге түсірген, ұлттық тәрбиені білім беру мазмұнымен ұштастырған ірі тұлға. Оның ғылыми еңбектері мен көркем шығармалары бірнеше буын ұстаздар мен оқушыларға рухани бағдар болып келеді. Ұстаздық, ғалымдық және жазушылық қызметті қатар алып жүрген Әдібай Табылдының мұрасы – қазақ руханияты мен педагогикасының құнды қазынасы.

    Дархан Байдалиев,
    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы,

    педагогика ғылымдарының кандидаты

    Ұсынымдар

    Жаңа төраға сайланды

    Жаңа төраға сайланды

    2 years ago
    Энергия тапшылығы сезілуде

    Энергия тапшылығы сезілуде

    1 year ago
    Жер кадастры саласындағы коммерциялық қызмет цифрландырылды

    Жер кадастры саласындағы коммерциялық қызмет цифрландырылды

    2 years ago
    Қажырлы қаржыгер

    Қажырлы қаржыгер

    1 month ago
    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    «Бірлік» фестивалі: Қонаевта Қазақстан халқының бірлігі күніне орай іс-шаралар өтті

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>