[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ

    24.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    ҚАНТ ДИАБЕТІ ЖАС ТАЛҒАМАЙДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Кейінгі кезде қант диабетімен науқастанғандар саны көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Оның  өсу қарқыны дүниежүзі бойынша 8-10 пайыз болса, Қазақстанда 7 пайызды құрап отыр. Былтыр елімізде 540 мыңға жуық  адам диспансерлік есепте тұрған. 2030 жылға қарай  оның саны 900 мыңға жуықтап қалуы  мүмкін деген болжам бар. Бұл жайт дәрігерлердің алаңдаушылығын туғызып отыр. Осы орайда  жас талғамай, ұлт денсаулығына қауіп төндіріп отырған сырқат жайында Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының эндокринолог-дәрігері Жандос Райымбекпен сұхбаттасқан едік.

    – Жандос Тоқтарұлы, қант диабетінің қандай түрлері бар?
    – Қазіргі кезде қант диабетінің 50-ден астам түрі бар. Соның бірнеше негізгі түріне тоқтала кетейін.  Оның бірі – 1-типті қант диабеті. Бұл сырқат көбінесе балалық немесе жасөспірім шақта дамиды. Ұйқы безінің инсулин өндіретін жасушаларының бұзылуы салдарынан пайда болады. Ағза инсулин өндіруді тоқтататындықтан  науқасқа өмір бойы инсулин терапиясы қажет болады. Ең кең таралған түрі – 2-типті қант диабеті. Бұл сырқат ұзақ уақыт бойы белгі бермеуі мүмкін, көп жағдайда кездейсоқ анықталады. Көбінесе ересек жаста, әсіресе артық салмақ, қозғалыс белсенділігінің төмендігі және тұқымқуалаушылық жағдайында дамиды. Бұл типте инсулин ағзада өндіріледі, бірақ тіндер оған сезімталдығын жоғалтады. Сондай-ақ гестациялық қант диабеті бар. Ол жүктілік кезінде пайда болады және босанғаннан кейін жойылады. Болашақта 2-типті қант диабетінің даму қаупін арттыратындықтан,  міндетті түрде бақылауды талап етеді.
    – Қатерлі дерттің алғашқы белгілері туралы айтсаңыз.
    – Алғашқы белгілері ретінде жиі шөлдеу, ауыздың құрғауы, көп зәр шығару, тез шаршау, себепсіз салмақтың қосылуы немесе азаюы, терінің құрғауын айтуға болады. Бойынан мұндай белгілерді байқаған адам міндетті түрде дәрігерге қаралуы тиіс.
    – Сырқаттанған жандар асқынудың алдын алу үшін не істеуі керек?
    – Ол үшін қандағы глюкоза деңгейін үнемі бақылауы, ұсынылған тамақтану тәртібін сақтауы, дәрігер тағайындаған дәрілік препараттарды немесе инсулинді белгіленген схема бойынша қабылдауы керек. Артериялық қысымды және холестерин деңгейін бақылауы,  эндокринолог дәрігерге және басқа да мамандарға тұрақты түрде қаралуы қажет. Уақытылы ем қабылдау және дәрігердің ұсынымдарын орындау ауруды бақылауда ұстауға және қан тамырларының, жүректің, бүйректің, көздің және жүйке жүйесінің зақымдануы сияқты асқынулардың даму қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді.
    – Кейінгі кезде мұндай сырқатқа шалдыққан  жастар қатарының арту себебі неде?
    – Бұрын бұл дерт көбіне егде жастағы адамдарда кездесетін. Соңғы жылдары жас талғамайтын болды. Әсіресе 2-типі жастар арасында жиі анықталып жүр. Бұл – бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі. Ең басты себеп – өмір салтының өзгеруі.  Тамақтану режимінің сақталмауы, фастфуд пен тәтті тағамдарды шамадан тыс тұтыну, қантты, газдалған сусындарды жиі ішу,  қимыл-қозғалыстың аздығы, артық салмақ, созылмалы күйзеліс,  ұйқының дұрыс болмауы  зат алмасудың бұзылуына алып келеді. Сонымен қатар тұқымқуалаушылық факторын да ескермеуге болмайды.
    – Диабетпен науқастанушылардың көбеюіне олардың қантты, газдалған сусындарды пайдалануы да себеп болып жатқанын айтып өттіңіз. Газдалған, тәтті сусындардың зияны қаншалықты?
    – Бір бөтелке газды сусын құрамында адам тұтынуға тиіс тәуліктік мөлшерінен бірнеше есе артық қант бар. Бұл қандағы қант деңгейінің күрт жоғарылауына, ұйқы безіне шамадан тыс салмақ түсуіне,  уақыт өте келе, инсулинге төзімділіктің дамуына себеп болады. Тәтті газдалған сусындарды жиі тұтыну қант диабетінің даму қаупін арттырады.
    – Осы күні дүкен сөрелерінде «Қантсыз» деген белгісі бар түрлі тағам мен сусындарды жиі кездестіреміз. Оларды қант диабетіне шалдыққан науқастардың  тұтына беруіне бола ма?
    – Ондай өнімдерді толықтай қауіпсіз деп айтуға болмайды. Олардың құрамында қант алмастырғыштар бар. Кейбір қоспалар тәбетті арттырып, зат алмасуға жанама әсер етуі мүмкін. Сондықтан мұндай өнімдерді де шектеулі мөлшерде тұтынған жөн.
    – Қант диабетінің алдын алу үшін қандай шаралар қолданған  жөн?
    – Алдын алудың ең тиімді жолы – салауатты өмір салты. Дұрыс әрі уақытылы тамақтану, қант пен ақ ұннан жасалған өнімдерді шектеу, газдалған сусындардан бас тарту, тұрақты физикалық белсенділік,  тәулігіне кемінде 7-8 сағат ұйықтау,  күйзелісті басқару – негізгі қағидалар. Дұрыс тамақтану мен ұйқы режимін қалыптастыру өте маңызды. Қант диабеті бір күнде пайда болмайды, ол жылдар бойы қалыптасады. Сондықтан бүгінгі дұрыс әдет – ертеңгі сапалы өмірдің кепілі.
    – Әңгімеңізге рахмет!

    Сұхбаттасқан – Айна МҰҚАНОВА
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Құсбегілікті кие тұтқан

    Құсбегілікті кие тұтқан

    6 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Алматыда Қонаев қаласының дамуы талқыланған басқосу өтті

    3 years ago
    Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?

    Түргендіктер заңсыз қоқыс полигонынан қашан арылады?

    3 years ago
    Тәжірибе алмасты

    Тәжірибе алмасты

    11 months ago
    Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

    Жазасын өтеушілер жұмыспен қамтылуда

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>