⛅
-1°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кешіккен газет, айлығы аз пошташы

    20.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Кешіккен газет, айлығы аз пошташы
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Республикада халыққа пошта қызметін көрсететін «Қазпошта» дейтін дардай мекеме бар. Оның әр облыс, ауданда бөлімі, әр ауылда бөлімшелері бар. Бірақ бұл мекеменің тұрғындарға күнделікті газет-журнал, хат-хабар таратудағы жұмысына ден қойсаңыз, әттеген-ай дейтін тұстары жетерлік. Оның нақты дәлелін Райымбек аудандық пошта бөліміндегі мерзімді баспасөз таратудағы олқылықтар айқындап береді.

    Әрине, газет-журналдардың тұрғындар қолына дер кезінде тимей жатқаны мекеме басшысының пошта жұмысын дұрыс жолға қоя алмай отырғанынан емес. Мәселе, пошта тасымалдау жұмысына қызметкерлердің тұрақтамауында болып тұр. Ал оның басты себебі – пошташыға төленетін еңбекақының тым аздығы. Оған дәлелді алыстан іздеудің қажеті жоқ. Аудан орталығында 7 мыңға жуық халық тұрады. Былайша айтқанда, 1000-нан аса түтін бар. Ұзындығы – 6, көлденеңі 4 шақырым болатын ауылдың бас-аяғына 4 пошташы ғана қызмет көрсетеді. Олар аптасына 5 күн, 8 сағат жұмыс істейді. Әр пошташы күніне табанын тоздырып 5-6 шақырымға газет-журнал, хат-хабар таратады. Осы еңбегіне алатын айлығы 56-78 мың теңгенің арасында ғана.
    Осыдан кейін газет-журнал кешікпей қайтеді? Рас, қазір әлеуметтік желіге байланатындар көп. Бірақ ондағы ақпараттың көбі шындыққа жанаспайды. Халық дәстүрлі басылымдағы ақпаратқа мән береді. Айрықша назар аударып, асыға күтетіні сондықтан. Газет оқушылар саны жыл өткен сайын азайып келе жатқаны алаңдаушылық тудырып отырғаны жасырын емес. Осы орайда, мерзімді баспасөздің оқырман қолына уақытынан кешігіп тиюі аталған қауіпті қалыңдата түсетінін жоққа шығара алмаймыз.
    Ал ауылдық жердегі пошта бөлімшелерінің жағдайы тіпті сорақы. Іргелі ауылдарда екі, шағын елдімекендерде бір пошташы ғана жұмыс істейді. Еңбегіне алатын айлық ақысы 25-32 мың ғана. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де – осы. Ал басқа баратын жері жоқ пошташының болмашы ғана ақшаны қанағат тұтып, осыған да шүкір демеске лажы жоқ. Осы орайда еңбекақыны аудандық пошта бөлімі тағайындамайтынын айта кеткен жөн. Оны тағайындаушы – атағы ат үркітіп отырған «Қазпошта» акционерлік қоғамы.
    Өткен жылы мерзімді баспасөздерге тасымалдау қызметін көрсету құны анағұрлым көтерілгені анық. Ал оның кесірі газет-журналдардың жазылу бағасының қымбаттауына соқтырғаны белгілі. Бұл қымбаттау «Қазпоштаның» қалтасын қампитқаны айтпаса да түсінікті. Осы орайда қызмет ақысын көтеру арқылы байыған акционерлік қоғам қол астындағы пошташылар еңбекақысын көбейтсе болады ғой деген ой келеді. Әрқайсысының айлық табысын жұмыс көлеміне қарай 150-200 мыңға жеткізсе, пошташылардың сауабын бір алар еді-ау! Газет-журналдардың да әр нөмірі қолдарына дер кезінде тиіп, рухани жансеріктерімен қауышқан оқырмандар да көңілдері шат болып қалар еді, шіркін! Өкінішке қарай, жергілікті жерлердегі пошташылардың мардымсыз еңбекақысы туралы жауапты орындарда көтеріліп жатқан мәселе жоқ. Қашан болатыны тағы да белгісіз. Парламент қабырғасында отырған депутаттар тарапынан бір қозғалыс болып еді, соңы сұйылып кеткен сияқты. Амал қанша, пошташылар осы күніне де «тәуба» дей тұрады да!

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    ЕСІРТКІГЕ ТОСҚАУЫЛ

    ЕСІРТКІГЕ ТОСҚАУЫЛ

    2 days ago
    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    Конституция күніне орай салтанатты шара өтті

    1 year ago
    Тұрғындар белсенділік танытты

    Тұрғындар белсенділік танытты

    2 years ago
    Ене сыйлаған келін

    Ене сыйлаған келін

    1 year ago
    ҚАРАУЫЛ ҚЫЗМЕТІ – СЕНІМДІ ҚОЛДА

    ҚАРАУЫЛ ҚЫЗМЕТІ – СЕНІМДІ ҚОЛДА

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>