[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Мал шаруашылығын дамыту – маңызды қадам

    05.01.2026
    in Ауыл шаруашылығы, БАҚ, Барлық жаңалықтар, Лебіз, Президент, Сұхбат
    Мал шаруашылығын дамыту – маңызды қадам
    0
    SHARES
    95
    VIEWS

           «Ең алдымен, мал шаруа­шылығын дамыту керек. 2035 жылға қарай әлемде мал етін тұтыну көлемі 233 миллион тоннаға дейін өседі. Соған сәйкес, оның импорты 27 миллион тон­наға дейін артады. Қазақстанның, сырт­қа, әсіресе, Азия елдеріне ет шығаратын ірі экспорттаушыға айналатын мүм­кін­дігі бар» – деп Мемлекет басшысы бүгінгі «Түркістан» газетіне берген сұхбатында мал шаруашылығын дамыту турасындағы ойын айтты. Иә, биліктің ауылшаруашылығын дамыту үшін көп жұмыс істеп жатқаны анық. Тіпті көршілес мемлекеттермен салыстырғанда біздің елімізде бұл салаға деген қаражаттың бөлінуі де әлдеқайда қомақты. Дегенмен елі­міздегі шағын шаруашылықтар жет­кі­лікті көлемде субсидия ала алмай отыр. Міне, осы мәселені аңғарған Мемлекет басшысы Үкіметке осы мәселені айрықша назарда ұстауға тапсырма берді.

    Иә, мал шаруашылығын дамыту дегенде әуелі ауылдардағы ветеринар мамандарының тынымсыз жұмысы да ойға оралады. Мал шаруашылығын сапалы дамыту үшін дәл осы сала мамандарының еңбегі ерен болмақ. Өйткені мал саулығы адамның саулығына тәкелей әсер етеді. Сондықтан ауылдардағы ветеринар дәрігерлер жыл он екі ай бойы төрт түліктің уақытылы вакцина алуы, олардың арасында шығатын дерттің алдын алу, қандай да бір жағдай болып, дерт дендеген тұста оны дереу ауыздықтау мақсатында білек сыбана еңбек етуде. Мардымсыз жалақы болса да өз істеріне адалдықтарын танытуда. Бірақ биылғы жылы ветеринар дәрігерлердің жалақысының артатыны туралы Үкіметте көтерілгелі бері сала мамандарының жұмысқа деген құлшынысы да арта түсті. Сонымен қатар жыл соңында облыс әкімі Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлының қолдауымен өңірдегі ветеринариялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында маңызды қадам жасалды. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру мақсатында Ұйғыр ауданының ветеринариялық  бөліміне заман талабына сай, қолданысқа ыңғайлы 6 дана «JAC T6» және 1 дана «ГАЗ 231073»  жаңа автокөлік табысталды. Бұл – ауданның ветеринариялық жүйесін жетілдіруге серпін беріп, қызметтің қолжетімділігі мен жеделдігін арттыра түсетіні сөзсіз.

    Ендеше мемлекет басшысының ауылшаруашылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға қатысты айтқан ауқымды ойлары ел дамуына жасалған жарқын қадам деп есептейміз.

    Елнұр Досымбеков,

    Ұйғыр аудандық ветеринария бөлімінің басшысы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    Алматы облысының фельдшері «Алтын жүрек» сыйлығын иеленді

    1 year ago
    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    Державалар текетіресінде Қазақстанның маңызы зоры

    2 years ago
    Америка мен Азия арасы: диалогтан дамуға!

    Америка мен Азия арасы: диалогтан дамуға!

    2 months ago
    Есер сөзге ермесек екен

    Есер сөзге ермесек екен

    1 year ago
    Ақкөл ақиқаты

    Ақкөл ақиқаты

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>