⛅
-8°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлы Дала – жаңа Ата заң жобасында шегеленген ұғым

    31.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Лебіз, Саясат
    Ұлы Дала – жаңа Ата заң жобасында шегеленген ұғым
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Бүгін – тарихи сәт. Өйткені небәрі қысқа уақытта әзірленген жаңа Конституцияның жобасы жарияланды. Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер туралы бас қосқан Конституциялық комиссия мүшелері кеше ғана жаңа Ата Заң қабылдау жайын тілге тиек етіп, ұсыныс жасаған еді. Міне, бүгін сол жаңа Ата Заңымыздың жобасы ортаға салынды.

    Оны дайындау кезінде соңғы 6 айда келіп түскен азаматтардың, қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар мен сарапшылардың ұсыныстары, сондай-ақ Комиссия мүшелерінің пікірлері, ескертулері мен ұсынымдары ескеріліпті. Сол ұсыныстар нәтижесінде жаңа Конституциямыз кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады екен. Отырыста Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов «Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты», – деді. Иә, өткенімізді дәріптеп, бүгінімізді бағалап, болашағымызға бағдар жасай алсақ, біз алмайтын қамал болмас.

    Қасым ханның Қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәукенің Жеті жарғысы сынды дала заңдарының заңды жалғасы болған тәуелсіз Қазақстанның бұған ейінгі қабылданған Ата Заңдары да ел егемендігінің еңселі болуы жолында қызмет етті. Енді халыққа ұсынылатын жаңа Конституциямыз да тәуелсіздігімізді одан сайын тұғырлы етеді деп сенеміз. Жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданғалы отырған жаңа Конституциямызды халық болып қолдайтынына да сенемін. Өйткені әділетті Қазақстандағы демократиялық қоғамда өмір сұріп жатқандықтан әркім өз ойын, пікірін ашық ортаға салуға құқылы. Бұл – біздің басты жетістігіміз. Ендеше жобасы әзірленіп отырған жаңа Ата Заң жақсылықтың нышаны болғай.

    Майгүл Тұңғышбаева,

    Ұйғыр ауданы Абай атындағы

    мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі

    Ұсынымдар

    Өркенді өңір тынысы

    Өркенді өңір тынысы

    1 year ago
    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    2 years ago
    Экология пәні енгізілсе…

    Экология – ертеңгі емес, бүгінгі мәселе

    8 months ago
    Нағыз еңбек адамы

    Нағыз еңбек адамы

    5 months ago
    ОРТАША ЖӨНДЕУ: БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНАН 121 САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖАСАЛДЫ

    ОРТАША ЖӨНДЕУ: БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖОЛДАРЫНАН 121 САРАПТАМА ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ ЖАСАЛДЫ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>