⛅
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әке – тірегің, ана – жүрегің!

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Әке – тірегің, ана – жүрегің!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданы Бесағаш ауылындағы №28 орта мектепте «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық кездесу өтті. Ұрпақ тәрбиесіне арналған маңызды шараға «Қоғамдық келісім» КМК Талғар аудандық филиалы, аудандық ақсақалдар, ардагерлер және аналар кеңестерінің мүшелері, ауылдық округ әкімдігінің өкілдері қатысты.

    Кездесудің мақсаты ­­– ұлттық құн­ды­лықтарды құрметтеу, отбасын тәрбиелеудегі аналардың рөлін түсіндіру, сондай-ақ аға және жас ұрпақ ара­сындағы рухани байланысты нығайту.
    Іс-шараны ашқан Талғар аудандық аналар кеңесінің төрағасы Айтжамал Нұрбатырова қоғам өміріндегі және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі ана­лардың рөліне тоқталды.
    ­­– Барлық ата-ана өз балаларын тәрбиелі, мәдениетті, білімді, Отаны­мыз­дың игілігі үшін жұмыс істейтін патриот ретінде көргісі келеді. Ал олардың қандай болатыны ­­­– әйел­дерге, аналарға, біздің тәрбиемізге бай­ланысты, ­­– деді ол.
    Ал аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов өскелең ұрпақтың өмірінде қоғамдағы ер азаматтардың алатын орны мен рөлі жайлы айтты.
    – Халық даналығында «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деген тамаша тұжырым бар. Әкесі жанында жүрген бала әрқашан оның қорған екенін сезінеді, ал әйел үшін ол ­– мықты тірек, басты қолдаушы. Тірегі мықты, қолдаушысы зор ананың тәрбиесі де толық болады, – деді Ахат Әлімжанұлы.
    Оның ойынша, ана мен әке өзара түсінісіп, мектеппен де тығыз қарым-қатынас орнатып, балаға жеткілікті көңіл бөлсе, бала жақсы-жаманды өз ақылымен түсініп, санасына сіңірсе, ата-анасы соған лайық үлгі-өнеге көрсетсе – нәтиже ойдағыдай болмақ.
    «Қоғамдық келісім» КМК Талғар аудандық филиалының жетекшісі Алтыншаш Мұхаметнұрова аналар мен ақсақалдар кеңестерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде атқарып жатқан жұмыстары және алдағы жоспарлары жайлы әңгімеледі.
    Кездесуге қатысушылар ұрпақ тәрбиесі, жастарды отаншылдыққа баулу, қоғамдағы бірлік пен ынтымақ туралы ұсыныс-тілектерімен бөлісті. Аналар отбасылық құндылықтар мен тәрбиенің маңыздылығын баса айтса, ақсақалдар елінің бүгіні мен ертеңі үшін адал қызмет ететін қажырлы да қайратты, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу жөнінде ойларын ортаға салды. Ал оқушылар өз қолдарымен жасаған көркем жұмыстарын көрсетіп, ұлттық дәстүрге деген құрметін паш етті.
    Іс-шара барысында аға буынның өмірлік тәжірибесі мен жастардың өмірге деген құштарлығы үйлесім тауып, ұрпақтар арасындағы рухани көпірдің маңыздылығы ерекше атап өтілді.
    ­– Ұрпақтар сабақтастығы ­– ұлт болашағының кепілі. Мұндай мазмұнды кездесулер жас ұрпақтың ақыл-ойына ұлттық тәрбиенің тұқымын сеуіп, қоғамдағы ынтымақтастық пен бірлікті нығайтуға елеулі үлес қосады. Бұл ­– шарада жасалған басты қорытынды.
    Кездесу соңында Талғар аудандық полиция басқармасы кәмелетке толма­ған­дардың істері жөніндегі бөлім бастығы, полиция майоры Арайлым Қасымбекова мектепте зорлық-зом­бы­лық­тың алдын алу бойынша қысқаша тренинг өткізді. Аталған шара барлық буын өкілдерінің отбасылық құнды­лықтарды насихаттау тұрғы­сындағы ой-пікірлері мен күш-жігерін бір арнада тоғыстырды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    АЗАТ – елдің ақсауыты

    АЗАТ – елдің ақсауыты

    1 month ago
    Мереке мереймен көмкерілді

    Мереке мереймен көмкерілді

    2 years ago
    Жәрмеңкеден жұмыс тапты

    Жәрмеңкеден жұмыс тапты

    5 months ago
    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    Ел болашағы үшін маңызды шешім

    1 year ago
    Қарттарым – асыл қазынам!

    Қарттарым – асыл қазынам!

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>