⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында 24 кәсіпорын 13 мың тонна әлеуметтік өнім шығармақ

    18.02.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысында 24 кәсіпорын 13 мың тонна әлеуметтік өнім шығармақ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрі 19 тауардан тұрса, өзгерістерден кейін саны 31-ге дейін ұлғайды. Бүгінде көкөністердің қосымша түрлері, жеміс-жидек, еттің бірнеше санаты, балық, шай және майлылығы жоғары сүт өнімдері тізімге енгізілді. Бұл туралы «Қонаев ӘКҚ» АҚ азық-түлік қауіпсіздігі департаментінің директоры Дианна Мукашева баспасөз мәслихатында айтты.

    Өңірде бағаны тұрақтандыру екі негізгі тетік арқылы іске асырылады. Біріншісі – тұрақтандыру қорын қалыптастыру. Бұл жағдайда облыс бюджетінен қаражат үш жыл мерзімге әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияға бөлінеді. Тұрақтандыру қорындағы өнімге көтерме деңгейде 1–5 пайыз, ал бөлшек саудада 10 пайыздан аспайтын үстеме белгіленеді. Нәтижесінде қор арқылы сатылатын тауарлар нарықтағы орташа бөлшек бағадан 10–15 пайызға төмен болады.

    «2023 жылдан бастап тұрақтандыру қоры 7 атау бойынша 2 456 тонна өнім қалыптастырды. Жалпы жұмсалған қаражат көлемі 958,4 млн теңге. Осы кезеңде шамамен 900 тонна өнім сатылып, 41,6 млн теңге үнемделіп, бюджетке қайтарылды» – деді спикер.

    Қорды жаңарту мақсатында 1 130 тонна қанттың қаражаты айналымға қайта жіберілді. 2025 жылғы 13 ақпандағы жағдай бойынша қордағы қалдық 839 тонна болып отыр. Ай сайын 140–150 тонна өнім қоймада сақталып, қалған бөлігі форвардтық шарттар негізінде қажеттілікке қарай жеткізіледі.

    Екінші тетік – кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру. Бұл бағытта жергілікті бюджеттен 0,01 пайыздық жылдық мөлшерлемемен қаражат бөлінеді. Несие мерзімі – 12 ай, ал негізгі міндеттеме – белгіленген көлемде Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру және бекітілген бағамен өткізу. Жалпы бұл мақсатқа 4 851 млн теңге бағытталды. Қазіргі уақытта 24 өндірушінің айналымында 4,5 млрд теңге бар. Бұл қаражат 13 840 тонна әлеуметтік маңызы бар өнім өндіруге бағытталған.

    Қаржылық құрылымға қарағанда, негізгі басымдық жеңілдетілген несие беру тетігіне берілген. Жалпы айналымдағы 5,8 млрд теңгенің басым бөлігі осы бағытқа тиесілі. Бұл тәсіл тікелей нарыққа интервенция жасаудан гөрі, өндірушілердің айналым капиталын қолдау арқылы бағаның өсуін тежеуге бағытталғанын көрсетеді.

    Ұсынымдар

    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    Ұлы сезімнің көшбасшысы

    10 months ago
    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін өзгертсін – Президент

    2 years ago
    Ғылымның игілігі мәңгілік

    Ғылымның игілігі мәңгілік

    2 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

    3 months ago
    Жаңа міндет жүктелді

    Жаңа міндет жүктелді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>