-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Жаңа міндет жүктелді

    07.03.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы
    Жаңа міндет жүктелді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Балқаш ауданында болды. Сапар барысында облыс басшысы Топар өзенінің арналарын көріп, бастапқы сағасына барды. Мұнда облыстық мәслихат депутаты Бақыт Атайбеков өзенді тазарту жұмысы жайлы ақпарат берді. Бұл өзенге былтыр механикалық тазалау жұмысы жүргізілген. Биыл тағы 80 шақырым өзен арнасын тазарту жоспарланған.

    Облыс әкімі өзен арнасын тазалау жұмысының баяулығынан азар аударып, аудан басшылығына сынескерте жасап, биыл аяқтауды тапсырды. Тұрғындарды жалдап, бір жыл ішінде жасауға болатынын атап өтті. Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов ескертуді назарға алып, тазарту жұмысы биыл аяқталатынына сендірді. Одан кейін Марат Елеусізұлы Желтораңғы ауылының тұрғыны, Балқаш ауданының Құрметті азаматы Диханбай Құлтаевқа сәлем беріп, хал-жағдайын сұрады. Облыс әкімінің шаңырағына арнайы келгеніне Диханбай ақсақал шексіз ризашылығын жеткізді. Ауыл тарихынан сыр шертіп, емен-жарқын әңгімелесіп, ақ батасын берді.

    Келесі кезекте облыс басшысы Топар ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға атбасын бұрды. Аудандық аурухана директоры Қамар Исламханқызының айтуынша, бұл нысан 1982 жылы пайдалануға берілген. Кезінде аймақтық аурухана мәртебесін иеленген. Бастапқыда 50 төсектік болып ашылған. Содан бірнеше мәрте қысқарып, қазіргі кезде 10 науқасқа арналған, 18 адам қызмет атқаратын емхана жабылу қаупінде тұр. Өйткені, халық саны 1500-ден кем болған елдімекенде фельдшерлік-акушерлік пункт болу керек екен. Бүгінгі таңда халық саны мыңнан сәл ғана асатындықтан автоматты түрде фельдшерлік-акушерлік пунктке айналмақ.

    Көршілес Желтораңғы ауылының халық саны дәрігерлік амбулатория талабына сай келгенімен, онда оған лайықты ғимарат жоқ. Емхана ауылдық Мәдениет үйінің бөлмелерін жалға алып отыр. Осыны ескере отырып, тұрғындар мен емхана қызметкерлері жұмыс істеп тұрған амбулаторияға оның аймақтық мәртебесін қалпына келтіріп, Желтораңғы және басқа көршілес ауылдарға қызмет еткені жөн екенін жеткізіп, осы мәселеге облыс әкімінің назарын аударды.

    Емхана ахуалынан хабардар болған облыс басшысы аумағы төрт мыңға жуық шаршы метр, 4 сыртқы кіреберіс есігі бар ғимараттың 700 шаршы метр аумағына емхана ұжымы қоныстанып, басқа бөлмелеріне ауылдағы өзге мекемелер көшірілуі керектігін, олай етпеген жағдайда нысанның тозып кететінін алға тартты. Осы мәселені біржақты шешуді тиісті сала басшылығына жүктеді. Облыс әкімі осы ауылдың тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Макира Мойханның үйіне кіріп, Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттық тап шықты. Макира апа өзін елепескеріп жатқан облыс басшысына ризашылығын білдірді. Мұнан соң облыс әкімі ауылдық Мәдениет үйінде өткен Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетовтың халықпен кездесуіне қатысты.

    Халықпен кездесуде Азат Құтпанбетовтың ауданның 2023 жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және 2024 жылдың болжамы мен міндеттері туралы баяндамасы тыңдалды.
    Аудан әкімінің халықпен 60 кездесуі өтті. 255 мәселе көтеріліп, 199-ы толық шешімін тапты. Ал 56-сы бақылауда. «Ол кездесулерде 28 проблемалық сұрақ көтерілген. Бүгінгі күні оның 2-еуі орындалды. Жылдың аяғына дейін 5-еуі орындалады. Ауылшаруашылық саласы бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп, ішкі жалпы өнім 39 млрд 321,9 млн теңгеге өндіріліп, 2022 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,8 пайызды құрады. Егін шаруашылығы бойынша 30279,6 га жерге егіс егілді. Оның ішінде, жаздық дәнді дақылдар 14614,5 га құрады. Күріш – 6917,5 га, арпа – 3602 га, бидай – 4095 га, картоп – 223,4 га, көкөніс – 208 га, бақша дақылдары – 110,7 га және мал азықтық дақылдары – 15123 га. Мал шаруашылығында тірі салмақта ет 103,5 пайызға, сүт 107,2 пайызға, жұмыртқа 101,1 пайызға орындалды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 98 азамат 698,7 млн теңге қаржы алып, өз кәсіптерін жүргізуде. Үш ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, қаражатын алды», – деген аудан әкімі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын әңгіме арқауына айналдырды.

    Жиында облыс басшысы ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға көңілі көншімейтінін жасырмады. Сонымен қатар , тұрғындар малына қасқыр шабуы жиілегенін айтып, оны атуды ұйымдастыру, газдандыру, тозығы жеткен жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді. Әсіресе, «Қаншеңгел – Топар» жолының аудан аумағына тиесілі ондаған шақырым бөлігін көп жылдан бері күрделі жөндеу жұмысының жүргізілмегеніне наразылықтарын білдірді.

    Облыс басшысы ауыл мектебінде болып, мұғалімдер қауымымен дидарласып, білім ордасындағы сынып бөлмелерін аралап, спортзал, асхананы көріп, ұлттық бұрышты тамашалады. Мектепте оқушы санының аздығын алға тартқан Марат Елеусізұлы білім ұясындағы бос бөлмелерге түрлі үйірмелер ашуды ұсынды. Содан соң осы мектептің мәжіліс залында ауыл әкімдері және шаруа қожалығы басшыларымен жүздесті. Жиында облыс әкімінің орынбасары жиналған қауымды «Ауыл аманаты» бағдарламасының мақсатміндеттерімен таныстырып, оның бағыттарын көрсетіп, қаржыландыру тәртібін түсіндірді. Облыс әкімі суды үнемдеу технологиясының артықшылықтарын айта келе, осы жүйеге көшудің тиімді болатынына баршаның назарын аударды.

    Облыс әкімінің сапары Желтораңғы ауылдық округіне қарасты «Желтораңғы» агрофирмасында мәресіне жетті. Шаруашылықтың ахуалымен танысып, бордақыда тұрған «Қалмақ» асыл тұқымды ірі қара малының жай-күйін көріп шықты. Осы бағытта сала мамандарына өңірдің дамуы бойынша жаңа міндеттер жүктеді.

    Айжарық Көптілеуов,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Шекара шебінде

    Шекара шебінде

    1 year ago
    Энергетика вице-министр облыс тұрғындарымен кездесті

    Энергетика вице-министр облыс тұрғындарымен кездесті

    12 months ago
    Тиімді жоба талқыланды

    Тиімді жоба талқыланды

    1 month ago
    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

    2 years ago
    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Тарихың қайда, тарланым?

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>