⛅
-3°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    «Алтын бесік» антологиясы

    14.02.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    «Алтын бесік» антологиясы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Жырсүйер қауымның кітап қоржыны жаңа жинақпен толықты. Еңбекшіқазақ ауданы ақындарының «Алтын бесік» атты антологиясы көпшілікке таныстырылып, тұсауы кесілді. Жинаққа жүрекжарды өлеңдері енген авторлар оқырманмен кездесу өткізіп, жырдан шашу шашты.

    Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылдық Мәдениет үйінде ұйымдас­тырылған әдеби кешке өлең-сөздің қадірін түсінген аудан азаматтары, ауыл тұрғындары мен жастар жиналды. Рухани шарада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі айтыскер ақын Даубай Мамытұлы: «Ауданымызда өзіндік қолтаңбасымен танылған жалын­ды жастар көп. Сол мықтылар­дың біразы­ның шығармасы классик ақын­дар­дың өлеңдерімен бірге «Алтын бесік» антологиясына кіріп отыр. Бұл жастардың шабытын шыңдап, болашаққа қанат қақтыратын баспалдақ болмақ», – деп ақын ізінен ерген іні-қарындастарына шығармашылық табыс тілей отырып, кітаптың тұсаукесер рәсімін жасады.
    «Алтын бесік» антологиясы ­Еңбекші­қазақ ауданы әкімдігінің қолдауымен былтыр жыл соңында жарық көрген. Аты айтып тұрғандай, жинаққа әр салада қызмет етсе де, поэзия әлемінде әдемі де әсерлі өлең-жырымен танылған аудан ақындарының таңдаулы шығармалары топтастырылған.
    «Ақындар – ақиқаттың айнасы» тақырыбында баяндама жасаған аудан­дық кітапхана әдіскері Гулия Саурықова кеш қонақтарын жыр-жинаққа енген авторлармен таныстырды. Классик ақын Тұманбай Молдағалиевтен бастап, жинақта 24 қаламгердің шығармасы топтастырылған. Олардың арасында Еңбекшіқазақ ауданында туып-өскен, өзі өмірден өтсе де, ел жадында өміршең өлеңі қалған аға буын өкілдері мен жырларымен жұрттың жүрегіне жол таба білген жастар да бар.
    Қаракемер ауылдық Мәдениет үйіндегі «Вокал» үйірмесінің шәкірттері ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, «Кемерсаз» ансамблі домбырадан күй төкті. Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбаева әннен шашу шашты.
    Кеш соңында аудандық кітапхана директоры Дариға Жанәбілова ақын­дарды жаңа жыр-жинақтың жарық көруі­мен құттықтап, оқырманмен керемет кездесу ұйымдастырған Мәдениет үйі­нің ұжымына алғысын білдірді.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жастарға арналған саябақ

    Жастарға арналған саябақ

    1 year ago
    Берік шекара – бейбіт өмір кепілі

    Берік шекара – бейбіт өмір кепілі

    1 year ago
    Қаламгерлерге құрмет

    Қаламгерлерге құрмет

    12 months ago
    Зиянкестермен күрес күшейеді

    Зиянкестермен күрес күшейеді

    3 years ago
    СУСЫЗ КҮННІҢ САЛМАҒЫ

    СУСЫЗ КҮННІҢ САЛМАҒЫ

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>