⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ата Заң – мемлекет тірегі

    05.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Ата Заң – мемлекет тірегі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазір қоғамда ең көп талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – Конституциялық реформа. Мемлекеттің негізгі құжатына енгізілетін өзгерістер әр сала өкілдерінің қызу пікірталасына ұласып, түрлі ұсыныстар айтылуда. Осыған орай Кеген аудандық кітапханасының коворкинг орталығында дөңгелек үстел өтті.

    Жиынды ашқан Кеген аудандық кітапхана директоры Индира Ахметова кездесудің маңызды­лығына тоқталды.
    – Бүгін біз қоғам үшін аса маңызды, ел болашағын айқын­дайтын жаңа Конституция жобасы туралы ой бөлісу үшін бас қосып отырмыз. Конституция – бұл жай ғана заңдар жинағы емес, ол мемлекеттің бағытын белгілейтін, азаматтың құқығын қорғайтын, қоғамның ортақ келісімін бекітетін Негізгі Заң. Соңғы жылдары елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың басты ерекшелігі – халықтың пікірін тыңдау, ашықтық және қоғамдық қатысуды кеңейту, – деді ол.
    Іс-шара барысында Жылысай ауылдық кітапханасының қызметкері Әйгерім Алғадайқызы «Конституциялық реформа: өзгертулер мен толықтырулар», Тоғызбұлақ ауылдық кітапханасынан Әсел Қайырбекқызы «Жаңа Қазақстан: Конституциялық реформаның рөлі», Алғабас ауылдық кітапханасынан Жадыра Қайратқызы «Құқықтық мемлекетке қадам: кітапхана арқылы құқықтық білім тарату» тақырыбында мазмұнды баяндамаларын оқып, реформаның қоғам өміріндегі рөліне тоқталды.
    Жиын барысында дөңгелек үстел қатысу­шылары Конституцияның жаңа жобасына қатысты өз ұсыныстарын ортаға салып, негізгі бағыттарын ауыл тұрғындарына кеңінен түсін­діруге, оқырмандар арасында оң ақпараттық жұмыс жүргізуге дайын екендерін жеткізді.
    Индира Әлиқызы жиынды қорытындылап, алдағы уақытта да кітапхана қабырғасында құқықтық мәдениетті көтеретін кездесу, пікірталас, ақпараттық сағат, көрмелер ұйымдастыру арқылы қоғамға пайдалы қызмет етеді деген сенімін білдірді.
    Дөңгелек үстел еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін тәжірибе алмасуға және алдағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын нақтылауға мүмкіндік берді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Атқарылған іс ауқымды

    Атқарылған іс ауқымды

    12 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    3 years ago
    Биік меже, айқын мақсат

    Биік меже, айқын мақсат

    2 years ago
    Жолан Омаров атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

    Жолан Омаров атындағы байқаудың жүлдегерлері анықталды

    3 years ago
    103-тегі әже қоғамдық-саяси белсенділігімен таңғалдырды

    103-тегі әже қоғамдық-саяси белсенділігімен таңғалдырды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>