☀️
1°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Берік отбасы – қоғам тірегі

    03.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Берік отбасы – қоғам тірегі
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Қай қоғамның да бейбіт те берекелі өмірі әр шаңырақтағы татулық, өзара сыйластық пен түсіністікке тікелей байланысты. Осыған орай, Қоғамдық келісім және әйелдер орталығының Талғар филиалы мен аудандық аналар кеңесі бірлесіп «Қазақстан – зорлық-зомбылықсыз отбасы» атты семинар өткізді. Шараның негізгі мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, адам құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеуге негізделген құндылықтарды ілгерілету, азаматтық жауапкершілікті арттыру мәселелерін талқылау.

    М.Бейсебаев атындағы Талғар агроколледжінің мәжіліс залында өткен шараға Қазақстан халқы Ассамблея­сының, құқық қорғау ұйымдарының өкілдері, заңгерлер, «Адам құқықтары жөніндегі заңгерлер» қоғамдық қорының адвокаттары, аудандық аналар кеңестерінің төрағалары, сондай-ақ оқытушылар мен студенттер қатысты.
    Талғар ауданы әкімінің орын­басары, семинардың модераторы Айбек Бидаев отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбы құқықтық, әлеуметтік, ұлттық бірліктен бастап, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге дейінгі мәселе­лердің кең ауқымын қамтитынына ерекше тоқталды.
    – Сондықтан біз осы маңызды кездесуге қоғамдағы және отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелерін талқылау және осы бағыттағы жүйелі жұмыс үшін тиімді шешім қабылдау мақсатында жиналдық, – деді ол.
    Бірінші болып облыстық аналар кеңесінің төрағасы Гүлнар Жошыбаева сөз алып, өзі басқаратын ұйымның отбасылық зорлық-зомбылықтың мейлінше алдын алу және мүмкін­дігінше мұндай келеңсіздіктерді болдырмаудағы рөлін атап өтті.
    – Ана – отбасының тірегі, ұрпақ тәрбиесінің өзегі, ұлттың қозғаушы күші. Аналар кеңесінің басты миссиясы – отбасылық құндылықтарды сақтау, ұлтаралық үйлесімділікке ықпал ету және отбасылық зорлық-зомбылықты болдырмау. Отбасы институтын нығайту, әйелдер мен балалардың құқығын қорғау, қауіпсіз және үйлесімді орта құру – қоғамның барлық өкілінің көзқарасы мен белсенді қатысуын талап ететін маңызды міндет. Әрбір ана – баланың тәрбиешісі ғана емес, қоғамдық сана мен рухани мәдениетті қалыптастыруға тікелей ықпал ететін адам, – деді Гүлнар Сағатқызы.
    Алматы облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойын­ша нақты жұмыстар жүргі­зіліп келеді. Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы, полиция басқармасы, әлеуметтік мекемелер, үкіметтік емес ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ психологтармен тығыз ынтымақтастықта түрлі форматтағы кездесулер, семинарлар, тренингтер, ақпараттық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған.
    Гүлнәр Сағатқызы сондай-ақ аналар кеңесі өз қызметінде ҚР Президентінің әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға бағытталған нұсқауларына сүйенетінін атап өтті.
    – Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаев отбасындағы зорлық-зомбы­лықпен күрес оның принципті ұстанымы екенін әрдайым айтып келеді. Нақты мысал ретінде 2024 жылдың 16 маусымында «Салтанат» атты құжатқа қол қойылғанын келтіруге болады. Осы заң қабылданғаннан кейін отбасындағы зорлық-зомбылық оқиғаларының айтарлықтай азай­ғаны байқалады. Өткен жылдың қаңтар-мамыр айларында полиция қызметкерлері, куәгерлер, әлеуметтік желілерді талдау және басқа да дереккөздер 19 мыңнан астам оқиғаны анықтады. «111» мемлекеттік колл-орталығының QR-кодын бүкіл ел бойынша мектептерде орналастыру зорлық-зомбылық жағдайының алдын алу және анықтау тиімділігін арттырды, балалар арасындағы қорлау және күрделі психоэмоционалдық жағдайлар, отбасыларға, әйелдерге және балаларға көмек көрсету ауқымы кеңейді. Бүгінде 20-дан астам психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Ал отбасыларды қолдау орталықтары еліміздің 112 ауданы мен қаласында, соның ішінде Алматы облысының 9 ауданы мен 2 қаласында жұмыс істей бастады. Осы орталықтар арқылы 40 мыңға жуық отбасы және азаматтармен әлеуметтік-психологиялық жұмыстар жүргізілді, – деді баяндамашы.
    Сөз соңында ол Алматы облысын­дағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесі кешенді шешімдерді талап ететінін айтып, семинар қатысу­шы­ларын осы құбылыспен бірге күресуге шақырды.
    Мазмұны жағынан Талғар аудандық аналар кеңесінің төрағасы Айтжамал Нұрбатырованың баян­дамасы осыған ұқсас болды. Аналар кеңесінің отбасы­лық зорлық-зомбылықты болдыр­маудағы тәжірибесі – Қазақстанда өңірлік және респуб­ликалық деңгейде қоғамдық тетік ретінде қалыптасқан нақты тәжірибе екені атап өтілді.
    «Адам құқықтары жөніндегі заңгерлер» қоғамдық қоры өкілдерінің баяндамасы әсерлі шықты. Көпбалалы отбасының анасы, қоғам қайраткері, «Адам құқықтары жөніндегі заңгерлер» қоғамдық қорының жетекшісі Ләззат Рақышева – соңғы сегіз жыл бойы өз өмірін отбысындағы зорлық-зомбылықпен күреске арнаған әйел. Осы уақыт ішінде ол зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғап, оларға тегін психологиялық және заңгерлік көмек көрсеткен.
    – Қазақ халқында «Отан отбасы­нан басталады» деген дана сөз бар. Егер біз елдің қауіпсіз болғанын, ал Отанымыздың гүлденуін қаласақ, ең алдымен отбасын қауіпсіз жерге айналдыруымыз керек. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрыл­тайда отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін мемлекет үшін аса маңызды қатер ретінде атап өтті. Мемлекет басшысы отбасы әрбір азамат үшін қауіпсіз орын болуы керегін және қоғамда зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалып­тастыру қажеттігін нақты айтты, – деп атап өтті құқық қорғаушы. Оның пайымынша, әрбір қылмыс жазасыз қалмауға тиіс. Әділдік жолы бірлікте жатыр. Тек бірігіп қана біз зорлық-зомбылықтан азат Қазақстанды құра аламыз.
    Семинарда сөз алған адвокат Ғалымжан Жолдасбаев жәбірлену­шілердің ақпараттық сауаттылығы, «Буллинг», «Кибербуллинг» сияқты ұғымдар туралы егжей-тегжейлі айтып, заңдарды пайдалана отырып, олар өзін агрессордан қалай қорғау керегі, әлеуметтік желілерде құқығы бұзылған жағдайда өзін қалай ұстау керегі жөнінде мысалдар келтірді. Ал Қазақ психологтар қоғамының мүшесі Жеңісгүл Хабаева қатысушыларға жарақаттан кейін өзін қалай қалпына келтіру керегін айтып, зорлық-зомбылықтың психологиялық салдарын мысалға келтірді.
    Семинар соңында облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшы­сының орынбасары Дияр Ермеков ҚХА жанындағы барлық қоғамдық құрылымдар мен ұйымдар қоғамдық тұрақтылықты нығайту бойынша өз міндеттерін ары қарай да жалғас­тыратынын атап өтті.
    – Егер отбасы берік болса, онда қоғам да, мемлекет те мықты болады. Зорлық-зомбылықсыз отбасы – қуатты Қазақстанның негізі, – деп жиынды қорытындылады Дияр Рахметұлы.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    Терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    11 months ago
    Тәні саудың жаны сау

    Тәні саудың – жаны сау

    8 months ago
    Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

    Мемлекет басшысы PepsiCo қоры директорлар кеңесінің төрағасы Стивен Кихоны қабылдады

    5 months ago
    Ақпарат айдынында – «Qonaev Media»

    Ақпарат айдынында – «Qonaev Media»

    7 months ago
    Мықты қазақ

    Классикке арналған кеш

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>