⛅
6°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Болашақ шамшырағы

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Болашақ шамшырағы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Апта ортасында Қаскелең қаласында жаңадан бой көтерген Жастарға қызмет көрсету  орталығының базасында «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB ашылды. Жоба Қарасай аудандық білім бөлімінің бастамасымен қолға алынып, облыстық  жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылды.

    • Біз бүгін Қарасай ауданының білім беру кеңістігінде жаңа серпін беретін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. – деді өзінің құттықтау  сөзінде аудан әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбекұлы. – Бұл предагогтің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және тәжірибе алмасуына жол ашатын алаң болмақ.

    Ауданда  сегіз мыңға жуық педагог  еңбек ететін болса, олардың мыңға жуығы жас мамандар екені рас.  Осы орайда, бұл орталық жас ұстаздардың кәсіби бейімделуіне, тәжірибе алмасуына және жаңа жобаларды жүзеге асыруларына ықпал етеді деп сенемін. Ендеше «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-ның жұмысына сәттілік тілейік.

    Салтанатты жиында сөз алған Қарасай ауданының Құрметті азаматы, «Асыл ана» ұйымының төрайымы  Ұлтусын  Амангелдіқызы тәуелсіз мемлекетімізде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселесінің маңызы туралы айта келіп, жас ұстаздардың алдында тұрған жауапты әрі мерейлі міндеттерді жүзеге асыруда жаңадан ашылып отырған орталықтың тигізер пайдасына тоқталған.

    Өз кезегінде ардагер-ұстаз  Нағима Сағатқызы бүгінгідей еркін де ерікті елде еңбек етіп жатқан жаңа буын  жас ұстаздардың қаншалықты бақытты екеніне тоқталып, болашақ үшін осындай мүмкіндіктер жасап отырған облыс және аудан басшыларына жұртшылықтың алғысын жеткізген.

    • Қаншалықты жаңа технологиялар пайда болып, ақпараттандырудың көз ілеспес жылдамдықпен дамыған заманында да мұғалімнің жылы жүрегі мен ақыл-қайратын алмастыра алмайды. Сондықтан ең алдымен баланы жақсы көріп, өз ісіңді сүйсең ғана еңбегің еселеп қайтады. Сондықтан жаңа орталықтың жұмысына жетістік тілеймін!– деді сөзінің соңында Нағима Сағатқызы.

    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынұлы ұлтымыздың ежелгі дәстүрі бойынша жаңа орталықтың табысты жұмыс жасауына ақ батасын берсе, Алматы облысы жастар ресурстық орталығының директоры  Мақсат Кенешов пен Қарасай аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаевалар өзара ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойып, құжат алмасты.

    Салтанатты жиыннан кейін орталыққа келге жас ұстаздар арасында «HUB лабиринті» атты квест ойын ұйымдастырылған. Технология, логика және ауданға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім мен біліктіліктерін көрсеткен жеңімпаздар тиісті марапаттарын алды.

    «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-ның қызметі кәсіби менторлық қолдау көрсетуге, әдістемелік көмек  ұйымдастыруға,  психологиялық бейімделуді қамтамасыз етуге, инновациялық технологияларды  енгізуге және көшбасшылық дағдыларды дамытуға бағытталған.  Мұнда жас мамандар үшін  семинарлар, тренингтер,  кездесулер мен  жобалық жұмыстар өткізіліп тұратын болады.

    Сонымен қатар «Жайдарман», «Дебат клубы», «Podcast  зонасы» алаңдары жұмыс істейді.  Шеберлік сабақтары, көрмелер мен үйірмелер және басқа да іс шаралар өткізіп тұру жоспарланған.  Аталған шаралар  ұстаздардың кәсіби дамуына,  шығармашылық әлеуетін  арттыруға,  тың идеяларды жүзеге асыруға  қолайлы орта  қалыптастыруға бағытталғанын айта кету керек.

    «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-ның ашылу салтанатына келген қонақтар ғимарат ішін аралап, осындағы «Айна» шешендік өнер клубының жұмысымен, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушыларының робототехника саласында жеткен жетістіктерімен танысты.

    Қуат Қайранбаев 

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

    Іле ауданында орман өртінің алдын алу оқу-жаттығуы өтті

    3 years ago
    Шағын футболдан турнир өтті

    Шағын футболдан турнир өтті

    1 year ago
    Кәсіпкерлікті дамыту –  уақыт талабы

    Кәсіпкерлікті дамыту – уақыт талабы

    3 months ago
    Су айдындарын қорғаудағы 25 жыл: Айдархан Мырзалының өмір жолы

    Су айдындарын қорғаудағы 25 жыл: Айдархан Мырзалының өмір жолы

    7 months ago
     Оралымды ойлар, парасатты пайымдар…

    Ұлттық құрылтай – береке-бірліктің ұйтқысы

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>