🌫️
-7°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел болашағына батыл қадам

    26.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Ел болашағына батыл қадам
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Бүгінде елімізде жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланып жатыр. Өйткені Ата Заң – елдің заң мен тәртіп қағидатын, азаматтардың мүддесі мен құқықтарын жүзеге асыратын басты құжат. Осы орайда жаңа Конституция жобасында адам құқығы ең негізгі ұстанымға алынып отырғаны, дәл осы қағида мемлекеттік құрылымның барлық жүйесін қалыптастыруда басты жүйе болатынын айрықша атап өтуге болады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы адам мен оның құқықтарын мемлекеттік саясаттың негізгі өзегі ретінде айқындап, мемлекеттің басты міндеті – адам құқықтарын қорғау және азаматтардың бостандықтарын қамтамасыз ету екенін білдіреді. Ата Заңда «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп Конституцияның 1-бабында-ақ нақтыланып көрсетілген. Бұл бүкіл құқықтық жүйені түсіндіретін басты өлшемге айналып отыр. Мемлекет енді өзін басқару аппараты ретінде емес, адамның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қызмет ететін институт ретінде сипаттайды. Бұл – биліктің өзіне қойған шектеуі.

    «Ата заңдағы 1-бап тек құқықтық емес, саяси-философиялық жүк арқалап тұрғанын байқаймыз. Яғни азамат мемлекеттің бағытын мойындап қана қоймай, оның өз құқығын қорғауға қабілетті екеніне сенуі тиіс. Жаңа Конституция осы сенімді қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік билік пен барлық мемлекеттік институттар өз қызметінде ең алдымен азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін басшылыққа алуға тиіс. Аталған норма құқықтық мемлекетті қалыптастырудың негізгі тірегі болады. Адам өмірінің, қадір-қасиетінің, құқықтары мен бостандықтарының жоғары құндылық ретінде танылуы қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл – әрбір азаматтың заң алдында теңдігін және оның құқықтарының қорғалатынын білдіретін маңызды кепілдік. Қазіргі уақытта «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» коалициясы жер-жерді аралап, жаңа Конституцияның жобасын жан-жақты таныстырып, әр бапқа жеке-жеке тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп келеді», – дейді «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филииалының төрағасы Бағдат Рахимов.

    «Жаңа Конституцияда адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының ең жоғары құндылық болып белгіленуі – Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуының негізгі бағытын айқындайтын маңызды конституциялық норма. Бұл норма мемлекет пен азамат арасындағы өзара жауапкершілікті нығайтып, мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғауға міндетті болса, азаматтар заң талаптарын сақтап, қоғамның дамуына үлес қосады», – дейді аталған коалиция мүшесі Ринат Беков.

    Иә, жаңа Конституция жобасында заң мен тәртіп қағидатына азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға және орнықты даму бағдарына баса мән беріліп отыр. Ендеше, 15 наурызда референдумда өз таңдауыңызды жасап, елдің кемел келешегіне өз үлесіңізді қосыңыз.

    Айнұр Дөненбаева, 

    «AMANAT» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филииалының консультанты

    Ұсынымдар

    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    Алматы облысында салынған бөгетке қатысты тергеу жүріп жатыр

    2 years ago
    Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті

    Бейжің төрінде Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы аталып өтті

    9 months ago
    Облыста бір жылда 70 жемқорлық фактісі тіркелді

    Облыста бір жылда 70 жемқорлық фактісі тіркелді

    2 years ago
    Көше атаулары өзгереді

    Көше атаулары өзгереді

    2 years ago
    Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман

    Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>