-13 °c
Qonaev
Friday, June 20, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Құқық-заң

    Облыста бір жылда 70 жемқорлық фактісі тіркелді

    22.12.2023
    in Құқық-заң
    Облыста бір жылда 70 жемқорлық фактісі тіркелді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт Департамент тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталды.

    Спикердің айтуынша, өңірде жемқорлықпен күрестің қарқыны күшейгенімен, көлеңкелі қылмысқа жол берушілер саны азаймай тұр. Облыста сыбайлас жемқорлық негізінен фармацевтикалық бақылау, ауыл шаруашылығы, салық, құрылыс, сот, құқық қорғау, жер қатынастары және білім беру салаларында жиі болатыны анықталды. Аталған салалар бойынша 2,4 млрд теңгеге жуық қаражаттың негізсіз бөлінгені әшкереленген.

    Атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша жыл басынан бері 90 қылмыс тіркелген, оның 70-і сыбайлас жемқорлық сипатында. Нәтижесінде 60 адам әшкереленді. Оның 2-уі республикалық, 2-і облыстық және 30-ы аудандық деңгейдегі лауазымды тұлғалар. Пара алу және пара беру фактілері бойынша 46 қылмыстық іс тіркелген.
    «2023 жылдың 12 айында Департамент сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасаған 23 адамды әкімшілік жауапқа тартты. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4 968 000 теңгені құрап, толығымен өндірілді»,-дейді Айдос Мамыт.

    Бүгінде департамент қызметкерлері «Сатып алудың бірыңғай терезе» жүйесі бойынша қатаң мониторинг жүргізіп жатыр. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жоспарланған тауарлардың бағалары орташа нарықтық бағалармен салыстырылады. Сәйкесінше, бағаны тым көтеріп жіберген жағадайда, ұсыныстар енгізіледі. Жоба аясында осы жылдың нәтижесінде облыс бойынша 1,5 млрд теңге қаражатты тиімсіз пайдаланудың алды алынды.

    Брифинг барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша ерікті Куляра Маненова “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасын атап өтті.
    «Қазіргі таңда өнір бойынша 90 ерікті қабылданды, олардың орташа жасы – 35-те. Жоба сыбайлас жемқорлықпен байланысты проблемаларды анықтауға және жоюға бей-жай қарамайтын азаматтардың белсенді қатысуын көздейді. Сол себепті облыс тұрғындарын ерікті болуға шақырамын», – дейді спикер.

    Айта кетейік, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кезде Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласуға болады.

    Ұсынымдар

    Мергендер сайысы

    Мергендер сайысы

    6 months ago
    БҰҰДБ облыстағы орман шаруашылығын техникамен қамтыды

    БҰҰДБ облыстағы орман шаруашылығын техникамен қамтыды

    2 years ago
    Қазақстанда мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі

    Қазақстанда мұғалімдер күні енді 5 қазанда атап өтіледі

    2 years ago
    Халықтық штаб: «АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі»

    Халықтық штаб: «АЭС – Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінің кепілі»

    9 months ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.