Көлік жүргізу – тек техниканы басқару емес, үлкен жауапкершілікті талап ететін әрекет. Жүргізушінің әр шешімі жолдағы басқа адамдардың қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Сондықтан рөлге отырған адам жол ережесін сақтап қана қоймай, өзінің физикалық және психологиялық жағдайын да ескеруі қажет.
Шаршаған, ұйқысы қанбаған немесе алкогольдік ішімдік ішкен күйде көлік жүргізу қауіпті. Мұндай жағдайда адамның реакциясы баяулап, жолдағы жағдайды дұрыс бағалау қабілеті төмендеуі мүмкін. Жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеру де маңызды.
Жылдамдықты шамадан тыс арттыру, қауіпті басып озу және қауіпсіз арақашықтықты сақтамау жол-көлік оқиғаларының қаупін күшейтеді. Бірнеше минут үнемдеу үшін адам өміріне қатер төндірудің ешбір негізі жоқ.
Жүргізуші мәдениеті жолдағы өзара құрметтен көрінеді. Әр азамат рөлге жауапкершілікпен отырып, ережені бұлжытпай орындаса, жол қозғалысының қауіпсіздігі де арта түседі.
АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

