Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Конституция – ел болашағына бастар жол

Конституция – ел болашағына бастар жол

22 қаралым

Конституция – мемлекеттің құқықтық негізін айқындап қана қоймай, азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын басты құжат. Онда қоғам өмірінің маңызды қағидаттары, мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілік және заң үстемдігінің негіздері көрініс табады. Сондықтан Конституцияға қатысты өзгерістер мен жаңашылдықтар әр азамат үшін маңызды.

Жаңа Конституция туралы сөз қозғағанда, ең алдымен, оның адам өміріне, қоғамның дамуына және келешек ұрпақтың мүмкіндіктеріне ықпалына назар аудару қажет. Конституциялық нормалардың мәнін түсіну азаматтардың өз құқықтарын білуіне, міндеттеріне жауапкершілікпен қарауына және қоғамдық өмірге белсенді араласуына жол ашады.

Әсіресе жастардың Ата Заңға деген қызығушылығын арттыру маңызды. Өйткені елдің ертеңі – бүгінгі ұрпақтың құқықтық сауаттылығы мен азаматтық ұстанымына байланысты. Мектептерде, оқу орындарында және қоғамдық кездесулерде Конституцияның маңызын түсіндіру жас буынның мемлекет дамуына бейжай қарамауына ықпал етеді.

Конституцияның қадірі оның мәтінінде ғана емес, өмірде орындалуында. Заңға құрмет, адам құқығын сақтау және әр азаматтың жауапкершілігі орныққан қоғамда әділеттілік пен сенім нығаяды. Сондықтан Ата Заңды білу – әр азаматтың құқығы ғана емес, ел болашағына деген жауапкершілігінің де белгісі.

АЛТЫНАЙ СЕЙІТКЕН

↑