⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел игілігіне берілді

    27.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Инфрақұрылым
    Ел игілігіне берілді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарасай ауданының Абай және Үштерек ауылдарында 50 келушіге арналған медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталықтарының ашылу салтанаты өтті. Игі шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов, аудан әкімі Жасұлан Естенов, өңір тұрғындары қатысты.

    Абай ауылындағы салтанатты жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі Жасұлан Тоққожаұлы қасиетті Рамазан айы жағымды жаңалықпен басталғанын тілге тиек етіп, тұрғындарды жаңадан бой көтерген медициналық ғимараттың ашылуымен құттықтады.
    – Өздеріңізге белгілі, былтыр ауданымыздың Ақсеңгір, Көктоған ауылдарында, жуырда Кемертоған елдімекенінде еңселі дәрігерлік амбулаториялар ашылып, тұрғындарға сапалы қызмет көрсете бастаған болатын. Бүгін осы дәстүр жалғасын тауып, Абай және Үштерек ауылдарында алғашқы көмек орталықтары ашылса, алдағы уақытта Қаратөбе ауылында осындай ғимарат пайдалануға беріледі. Бұл – ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және облыс басшыларының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан игі шаралардың бір парасы, – деді.
    Келесі кезекте сөз сөйлеген облыс­тық денсаулық сақтау басқармасы­ның басшысы Ержан Әбілқасымұлы өңірде медицина саласын жетілдіруге қатысты атқарылып жатқан шараларға тоқталып өтті. Ауыл ақсақалы Бақытжан Мулиновтың батасынан кейін ақ кимешек киген аналар той шашуын шашып, екі қабатты еңселі ғимараттың ашылу рәсімі өтті. Бұдан соң қонақтар мен шараға жиналған жұртшылық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының ішін аралап, жарық та кең бөлмелерге қойылған заманауи құрылғылардың жұмысымен танысты. Орталық қажетті жабдықтармен, лабораториялық диагностика, емдеу, екпе сияқты медициналық қызмет түрлерімен толықтай қамтамасыз етілген. Мұнда жалпы тәжірибелік дәрігерлер мен қажетті медицина мамандары еңбек етеді.
    Осыдан кейін Қарасай клиникалық көпбейінді орталық аудандық ауру­ханасына қарасты Үштерек ауылдық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының салтанатты ашылуы болды. Бұл жерде де аудан әкімі Жасұлан Естенов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов сөз алып, ауыл тұрғындарын құттықтады. Үштерек ауылының ақсақалы Амангелді Шәріпқұлов бата беріп, дәстүр бойынша тұсаукесер рәсімі жасалды.
    – Бүгін Қарасай ауданында үлкен жаңалық орын алуда, – деді Ержан Әбілқасымұлы бізге берген сұхбатында. – Жаңа нысандардың әрқайсысы 50 келушіге арналып, заманауи техникалармен жабдықталған. Абай ауылындағы амбулаторияда 2 дәрігер, Үштерек ауылында 5 дәрігер және әрқайсысында 24 орта буынды медицина қызметкері жұмыс істейді.
    Екі жылдың ішінде облыста Мемлекет басшысының медицина саласын жаңғырту жобасы бойынша 9 миллиардтан астам қаражат бөлініп, 38 нысан салынып, пайдалануға берілді. Жақында ғана Ұзынағаш ауылында 250 келушіге арналған емхана пайдалануға берілді. Наурыз айында Есік қаласын­да 110 төсекке арналған облыстық перинаталдық орталық өз қызметін бастайды. Сонымен қатар сәуір айында Нарынқол ауданында жаңадан салынған емхана ашылмақшы.
    Облыста 1 млн 600 мың халық тұраты­нын ескерсек, медициналық қызмет сапасын арттырудың маңызды­лығы арта түседі. Осыған орай әрбір елдімекенде дәрігерлік бөлім ашу қолға алынған. Сонымен қатар қайтару қорының қаражатына Қарасай және Ұйғыр аудандық ауруханасына күрделі жөндеу жүргізілуде. Бұл жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Медициналық мекемелерді қажетті мамандармен қамтамасыз етуге де көңіл бөлініп келеді. Осы ретте облыс әкімінің грантымен Алматы, Астана және Семей қаласындағы медицина университеттерінде резиденттер білім алып, өңірге келіп еңбек етуде. Биыл 90 студент облыс бюджеті қаражаты есебінен оқып жатыр. Сонымен қатар жастардың келуін ынталандыру мақ­сатында әрбір маманға 8,5 млн теңге көтермеақы берілуде. Былтыр осы мақсатта 32 маман шақырылса, биыл бұл көрсеткіш 40 маманға жетіп отыр. Мұның сыртында аудан әкімдері пәтер бөліп, жер телімдерімен көмектесуде. Осылайша өңірде дәрігерлер тапшылығын жоюға жағдай жасалынуда, – деді басқарма басшысы.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Бау-бақшасы жайнаған

    Бау-бақшасы жайнаған

    2 years ago
    Ағайындылар ірімшік цехын ашты

    Ағайындылар ірімшік цехын ашты

    2 years ago
    Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы

    Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы

    7 months ago
    Ауыл ветеринариясына қолдау

    Ауыл ветеринариясына қолдау

    1 month ago
    Тегін оқудың мүмкіндіктері көп – Министр

    Тегін оқудың мүмкіндіктері көп – Министр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>