⛅
-0°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қар көшкінінің алдын алу маңызды

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік
    Қар көшкінінің  алдын алу маңызды
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

    Ауа температурасының күрт жылынуына байланысты таулы аймақтарда қар көшу қаупі артты. Осы орайда жауапты мекемелердің жұмысы да қызу жүріп жатыр. «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалының қызмет көрсету аймағында қар көшкіні қаупі бар 55 ошақ тіркелген.

    Оның ішінде 24-і Еңбекшіқазақ ауданында, демек, Есік қаласы мен Есік көлі автожолында 7 және Түрген ауылы мен Батан шатқалы арасындағы облыстық маңызы бар жолда 17 учаске болса, Талғар ауданында 31 қауіпті аймақ орналасқан. Олар – Солдатсай шатқалында 9, Еліксай шатқалында 6, Талғар өзенінің оң жағалауында 12, Ойқарағай шатқалында 4 учаске. Аудан тұрғындары мен қонақтарының, тауда демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2025-2026 жылғы қысқы кезеңде филиал тарапынан қауіптің алдын алу және халықты ақпараттандыру жұмысы тұрақты жүргізіліп келеді.
    «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалының ұсынысымен «Іле Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бақылау-өткізу бекеті арқылы Есік қаласы – Есік көлі, Түрген ауылы – Батан шатқалы және Талғар қаласы – Спутник автожолдары бойынша туристер мен автокөлік құралдарының қауіпті аймақтарына кіруіне шектеу енгізілді. Бұл шектеу қар көшкіні қаупі мерзімінің аяғына дейін жалғаспақ. Сонымен қатар қар көшкіні қаупі жоғары учаскелерде, атап айтқанда, Есік, Түрген, Талғар өзендерінің шатқалдарында, Қотырбұлақ (Еліксай), Бесағаш (Солдатсай) бассейндерінде көшкін туралы ескерту қалқандары орнатылған.
    «Қар көшкіні қаупі мерзімі басталмай тұрып, ауылдық округтердің әкімдіктеріне, мекеме басшыларына және қауіпті аймақтарда орналасқан тұрғын үйлердің иелеріне ескерту хаттар мен ұсыныстар жолданып, «Абайлаңыз, қар көшкіні!» тақырыбындағы ақпараттық парақшалар таратылады. Сондай-ақ бекітілген кестеге сәйкес жерүсті және аэровизуалды тексерулер үнемі жүргізіліп келеді. Мұндай тексеру жұмыстары табиғат апатының алдын алып, дер кезінде тиісті шара қолдануға мүмкіндік береді. Биіктен бақылау нәтижесінде Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» тау шаңғысы базасында бірнеше рет «GAZEX» қондырғысы арқылы қар көшкінін алдын ала түсіру жұмыстары атқарылды», – дейді «Қазселденқорғау» ММ-нің ІААПТБ филиалы кезекші қызмет мониторинг және құлақтандыру бөлімінің басшысы Айдын Көпжасаров.
    Бұдан бөлек, демалыс орнындағы демалушылар мен қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін халыққа арналған профилактикалық іс-шаралар Oi-Qaragai және Ақбұлақ демалыс аймақтарында жиі ұйымдастырылып тұрады екен. Өйткені аталған демалыс орындарында демалушылар саны көп.
    Қазіргі уақытта тауға, табиғат аясына шығатын жастардың көптігіне байланысты Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарында білім беру ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен студенттер арасында «Таулардағы қар көшкіні қаупі» тақырыбында семинар, түсіндіру жұмыстары да жиі жүргізіледі екен.
    «Қауіптің алдын алуға байланысты жүргізілетін кешенді жұмыстың арқасында биыл «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің Алматы облыстық филиалының қызмет көрсету аймағында ірі қар көшкіні тіркелмеді. Тек 18 ақпанда Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылы мен Батан шатқалы арасындағы облыстық маңызы бар жолдың 24-шақырымында көлемі 40 м3 болатын қар массасы түскен. Ал соңғы жылдардың деректеріне сүйенсек, ең ірі қар көшкіні 2023 жылғы 14 наурызда Түрген-Батан шатқалындағы автожолдың 20-шақырымында тіркелген екен. Оның көлемі 2 800 м3-ті құраған. Нәтижесінде автожол уақытша жабылғанымен, адам шығыны мен өзге де зардап болмады. Десе де, сақтық шараларын қаперде ұстап, қауіптің алдын алу жұмыстары ары қарай да жүйелі жалғаса бермек», – дейді Айдын Әлімұлы.
    Қар көшкіні – таулы аймақтарда қар жамылғысының тұрақсыздануы салдарынан беткейлерден төмен қарай жоғары жылдамдықпен сырғып түсетін аса қауіпті табиғи құбылыс. Қар көшкініне күндізгі жылымық пен одан кейінгі аяз, қалың қардың түсуі, қатты жел, жаңбыр, жоғары ылғал, сондай-ақ тас құлауы мен жер сілкінісі де себеп болуы мүмкін. Төтенше жағдай қызметкерлері халықты қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    10 months ago
    Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі

    Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі

    5 months ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    10 months ago
    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    Қонаев қаласында қыс маусымына дайындық қалай?

    2 years ago
    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>