🌫️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды – Елнұр Бейсенбаев

    03.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Саясат
    Қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды – Елнұр Бейсенбаев
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жаңа Конституцияның алғашқы баптарынан-ақ оның тұжырымдамалық сипаты айқын көрінеді. Бұл – әділеттілікке, тәртіпке және тұрақтылыққа негізделген қоғам сұранысына мемлекеттің нақты жауабы. Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның кезекті отырысында Парламент Мәжілісінің депутаты, «Amanat» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев енгізіліп жатқан өзгерістердің қисынын осылай деп түсіндірді.

    Бейсенбаевтың айтуынша, жаңа Конституцияның өзегінде қоғамдағы келісімді сақтау және өткен қателіктерді қайталамау қағидаты жатыр.

    «Конституцияның 2-бабының 1-тармағында Қазақстанның президенттік республика болып қала беретіні және Мемлекет басшысының билік тармақтарының үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететіні нақты көрсетілген. Ал 43-баптың 1-тармағында Президент бір рет, жеті жыл мерзімге сайланатыны бекітілген. Бұл – биліктің монополиялануына жол бермейтін нақты норма. Осы баптың 5-тармағында аталған ереже өзгертілмейтіні жазылған. Осылайша «мәңгі билік» туралы кез келген алыпқашпа әңгімеге тосқауыл қойылады», – деп атап өтті депутаты.

    Сонымен қатар, ол Президенттің жақын туыстарының саяси және басшылық қызметтерді атқаруына тыйым салу да маңызды өзгерістердің бірі екеніне арнайы тоқталды. Бұл қағида 45-баптың 3-тармағында нақты бекітілген.

    «Қазақстан ашық әрі нақты ережелер енгізіп отыр. Бұл шешімді біз 2022 жылғы референдумда қабылдадық және оны жаңа Конституция жобасында қайта бекітіп отырмыз», – деді Мәжіліс депутаты.

    Комиссия мүшесі азаматтардың мемлекет өміріне араласу мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Ата заңдағы құндылықтар мен құқықтық кепілдіктерге, әсіресе Преамбуладан бастап берілген нормаларға айрықша тоқталды.

    «Алғаш рет Преамбулада Әділетті Қазақстан идеясы мен «Заң және Тәртіп» қағидаты айқын көрініс тапты. Енді азаматтардың жағдайын нашарлататын немесе жаңа міндеттер жүктейтін заңдар (5-баптың 5-тармағы) кері күшке ие болмайды. Бұл – қабылданған шешімдердің өзгертілмейтіндігі мен «Заң және Тәртіп» қағидатының мызғымастығын көрсетеді. Сонымен қатар Конституция алғаш рет азаматтардың цифрлық кеңістіктегі жеке өмірін – дербес деректер мен электронды хат алмасуды қорғауға алады (21-бап)», – деп атап өтті Мәжіліс депутаты.

    Депутаттың пікірінше, Конституциялық реформа және азаматтардан түсіп жатқан ұсыныстар мемлекет пен қоғамның кемелденгенін аңғартады.

    «Мазмұндық тұрғыда қазақстандықтар жаңа Конституция ережелерінің 98%-ын қолдайды. Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуының айқын дәлелі. Бұл – күшті әрі әділетті мемлекет жолындағы саналы таңдау. «AMANAT» партиясы барша азаматты еліміздің болашағы үшін бірлесе еңбек етуге шақырады», – деп түйіндеді ол.

    Ұсынымдар

    29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

    29 қазан жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

    2 years ago
    Сарбаздар күш сынасты

    Сарбаздар күш сынасты

    8 months ago
    Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды

    Алматы облысында қазақ тілін үйренуге арналған Telegram-бот іске қосылды

    10 months ago
    Тойын ана тағылымы

    Тойын ана тағылымы

    2 years ago
    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>