⚠️ Ауа райы табылмады.
Дүйсенбі, Ақпан 23, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өзгеріс өзімізден басталады

    21.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум, Саясат
    Өзгеріс өзімізден басталады
    0
    SHARES
    35
    VIEWS

    15 наурызда жаңа Конституцияға қатысты республикалық референдум өтеді. Жаңа Ата Заң жобасын қолдау немесе қолдамау, әрине, азаматтардың өз еркінде. Десе де, мұндай саяси науқаннан тыс қалмау маңызды. Өйткені, Конституция – еліміздің басты құжаты, ол – Ата Заңымыз. Қарапайым тілмен айтсақ, адамдардың өмір сүру тәртібі мен қағидасы. Өйткені онда адамның құқықтары мен бостандықтары, оған тиесілі міндеттері жазылған. Біз көбіне заңды жоғары жақта қабылданатын нәрсе деп қабылдаймыз да, өзімізді сыртта жүргендей сезінеміз. Сол себепті референдум сынды жауапты науқаннан да қалыс қалып жатамыз. Біздің одан сырт қалуымыз – мемлекет болашағына қатыспау, онда қабылданып жатқан заңдар мен шешімдерге бейжай қарау деген сөз.
    Күнделікті өмірде бәріміз әділдік жайлы жиі айтамыз. Баға әділ болса, жұмыс әділ бөлінсе, заң бәріне бірдей жүрсе дейміз. Бірақ сол әділдік өзімізден басталатынын ойлана бермейміз. Мысалы, жолда ереже бұзбай жүру, кезектен аттап кетпеу, біреудің құқығын таптамау, осының барлығы — әділдік. Демек, әділдікті біз өз мінімізді түзеуден, дұрыс жүріп-тұрудан, тәртіпті болудан, заңға бағынудан бастауымыз керек.
    Меніңше, қазіргі қоғамда адамдар заңнан қорқудан гөрі, оны түсінгісі келетіні көп байқалады. Бұрын «тыйым» деген сөз жиі естілсе, қазір «неге олай?» деген сұрақ көп қойылады. Бұл – жақсы белгі. Өйткені түсінген адам ғана тәртіп сақтайды. Ал түсінбеген адам тек бақылау бар жерде ғана тәртіпті болады.
    Референдумның негізгі мәні де осында сияқты. Дауыс беру — жай белгі қою емес, ол елдің ертеңіне араласу, мемлекеттің бір бөлшегі ретінде азаматтық парызыңды өтеу. Мемлекет ісіне батыл араласқанда ғана адам сол елдің нағыз патриоты екенін сезініп, іштей марқаяды.
    Азаматтар өз ойын еркін айтып, ортақ іске араласқанда ғана қоғамдық пікір қалыптасады. Ол пікір өмірімізді жақсартуға игі ықпал етері сөзсіз. Әркім ойындағысын айта алатын қоғам ғана дамиды. Бұл ретте адамға еркіндік те, жауапкершілік те қажет. Заңның мақсаты — дәл осы тепе-теңдікті сақтау.
    Кейде бір құжат өзгерсе, өмір бірден түзеліп кететіндей көрінеді. Өмірде олай болмайды. Құжат тек бағыт көрсетеді. Ал сол бағытпен жүру — адамдарға, яғни өзімізге тікелей байланысты. Егер біз заңды ортақ келісім деп қабылдай бастасақ, ол жұмыс істейді. Қабылдамасақ, ол қағаз күйінде қала береді. Сондықтан мен бұл референдумды үлкен саясаттан гөрі қоғам мүшелерінің болашаққа таңдау жасауы деп қабылдаймын. Біз өзімізді осы мемлекеттің иесі сезінеміз бе, әлде сырттан бақылап отыратын көрерменбіз бе — бұл да осындай саяси науқанда анықталмақ. Сондықтан әр іске жауапкершілікпен қарауымыз керек.
    Мұндағы нәтиже тек «дауыс берді» немесе «дауыс бермеді» дегенмен өлшенбейді. Негізгі нәтиже — адамдардың мемлекет болашағына деген жауапкершілігінде, оның шешімдеріне өз қөзқарасын білдіруінде. Егер адам «мұнда менің де үлесім бар» деп ойласа, заң өздігінен жұмыс істей бастайды. Ал бәрібір ештеңе өзгермейді деген ой қалса, ең дұрыс жазылған ереженің өзі құнсыз болып қалуы мүмкін. Қарапайым тілмен айтсам, бұл референдум заңды өзгерту туралы ғана емес, өзіміздің көзқарасымызды өзгерту туралы бастама. Өзгеріс сол күні емес, содан кейін басталады. Адам өзін шетте тұрған емес, осы жүйенің бір бөлігі ретінде сезінген сәттен бастап мемлекеттің дамуы қарыштай бермек.
    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    В Алматинской области стартовала трехмесячная акция по профилактике ВИЧ и ИППП среди молодежи

    В Алматинской области стартовала трехмесячная акция по профилактике ВИЧ и ИППП среди молодежи

    4 months ago
    №6 жағажайдың болашағы қандай?

    №6 жағажайдың болашағы қандай?

    6 months ago
    Түлектер тарту еткен аялдама

    Түлектер тарту еткен аялдама

    2 years ago
    Бейбітшілік бірінші орында

    Бейбітшілік бірінші орында

    2 years ago
    Ерлікпен пара-пар еңбек

    Ерлікпен пара-пар еңбек

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>