⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституция жобасы музейде талқыланды

    04.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Саясат
    Конституция жобасы музейде талқыланды
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейінің мәжіліс залында жаңа Конституцияның жобасы талқыланды. Шараға аудан әкімдігі мен музей қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және ауыл тұрғындары  қатысты.

    Жиынды жүргізген аудан әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы конституциялық реформаға байланысты болып жатқан өзгерістерге шолу жасады. Өткен жылы Мемлекет басшысының саяси жүйені жаңғырту, Конституцияны қайта қарау бастамасын көтеруі – мемлекетті халыққа жақындату, әділдік орнату үшін жасалып жатқан қадам екенін атап өтті. Осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылып, ғалымдар, заңгерлер, қоғам белсенділері мен партия өкілдері бірлесе жұмыс істеді. Бұдан қарапайым халық та шет қалмай, ой-пікірлері мен ұсыныстарын білдірген. Нәтижесінде жаңа Ата Заңның жобасы дайындалғанын айтты.

    – Жаңа Конституцияның басты мәні – адам және оның құқығы. Адамның өмірі, еркіндігі, ар-намысы – мемлекеттің ең басты құндылығы деп нақты жазылды. Заң бәріне бірдей болуы тиіс деген қағида күшейтілді. Ел тәуелсіздігі, жердің тұтастығы, халықтың бірлігі өзгермейтін басты құндылықтар ретінде бекітілді. Сонымен қатар әділдік, заңға бағыну, табиғатты қорғау сияқты ұғымдар алғаш рет Ата Заң деңгейінде көрсетілді. Бұл Конституция білімге, ғылымға, жастарға ерекше мән береді. Елдің болашағы жер асты байлығында емес, білімді, саналы ұрпақта екені айқын жазылған. Цифрлық технология дамыған заманда ғаламтордағы құқықтарымыз да заңмен қорғалатын болады, – деген Әділбек Қамбарұлы құжаттағы негізгі жаңалықтарға тоқталып, көпшілікті жобаны талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

    Жамбыл музейінің ғылыми қызметкері Нәзира Ермекқызы өз сөзінде жаңа Ата Заңның басты мәні мен маңызын тілге тиек етті. Талқылауға ҚР Мәдениет қайраткері, облыс пен ауданның Құрметті азаматы, белгілі қаламгер Күмісжан Байжан, аудандық білім бөлімінің басшысы Светлана Алтынбекова, аталған музейдің меңгерушісі Салтанат Жамбылова, қосымша білім беру мекемелерінің басшылары қатысты.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауылы, Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

    2 years ago
    Жаңашылдыққа жол ашады

    Жаңашылдыққа жол ашады

    1 year ago
    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    10 months ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу жайы

    1 year ago
    Газдандыру қарқын алады

    Алматы облысында отандық өндірушілерді қолдау қалай жүзеге асып жатыр?

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>