⛅
-4°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Музей қоры құнды қазынамен толықты

    24.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Музей қоры құнды қазынамен толықты
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

    Есік археологиялық-өлкетану музейінің қоры құнды жәдігерлермен толықты. Былтыр жазда Ұйғыр ауданы аумағынан табылған алтын әшекейлер мен қыш құмыралар еліміздің тәуелсіздік символына айналған Алтын адамның Отаны – Есік қаласында сақталмақ. Мұндай маңызды шешімнің себебі де салмақты.

    2022 жылдан бастап Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы тарихи-мәдени ескерткіштерді жинақтау мақсатымен кешенді археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. Аталған жұмыс аясында орталық тапсырысымен былтыр қазба жұмыстары Ұйғыр ауданындағы «Тоғызбұлақ-1» және «Тоғызбұлақ-2» деп аталған екі қорымда жалғасқан. Бұл қорымдарда солтүстіктен оңтүстікке қарай тізбектеле орналасқан 50-ге жуық көне қорған бар. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы, профессор Досбол Байғонақовтың жетекшілігімен жүргізілген мұндағы жұмыс олжалы болды.


    «Тоғызбұлақ-1» қорымында төрт қорған, ал «Тоғызбұлақ-2» қорымында екі нысан қазылып, бірінші қорымның №3 және №4 қорғандарынан құнды жәдігерлер шыққан. Нақтылап айтсақ, №4 қорғаннан ер мен әйелдің сүйектерімен қатар керамикалық ыдыстар, темір бұйымдар, тас келсап, жануарлардың сүйектері, алтын тізбек сынықтары мен түрлі алтын пластиналар табылды. Ал №3 қорғаннан табылған алтын жүзікті мамандар «археология сенсациясы» деп бағалады. Жүзіктің бетінде арыстан бейнесі бедерленген. Енді бір қарағанда әйелдің жүзі, бұқа, тіпті қошқардың мүйізіне ұқсайтын элементтер байқалады. Бұл бейне ежелгі тайпаларда жиі кездесетін синкреттік түсініктермен байланысты. Салмағы шамамен 8 грамм тартатын ерекше жүзік алтын құймасынан жасалған. Мамандардың айтуынша, мұндай артефактілер мен жерлеу орындары Қазақстан аумағында мекендеген сақ тайпаларына тән. Табылған қазбаларды тарихшылар шамамен б.з.д. IV-III ғасырларға жатады деп топшылап отыр.
    «Жәдігерлердің қай заманға жататынын нақты анықтау үшін қажетті органикалық материалдар Литва астанасы Вильнюс қаласына зерттеуге жолданды. Нәтижесін жақын арада қолымызға аламыз. Десе де, табылған жәдігерлерді зерттей отырып, оларды б.з.д. IV-III ғасырларға жатқызып, Есік қаласынан табылған Алтын адамның жасымен шамалас деп пайымдадық», – дейді археолог Хамит Айтқұл.


    Тоғызбұлақтан табылған бұл жәдігерлер Алматы облысындағы екінші Алтын адамға тиесілі болуы мүмкін деген тұжырым да бар. Сондықтан бұл жәдігерлерді Есік археологиялық-өлкетану музейінің қорындағы Алтын адамға қатысты қазынаның қатарын толықтырсын деген оймен аталған музейге тапсырып отырмыз», – деген Алматы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының директоры Талғат Абылаев құнды олжаны облыстық музейлер бірлестігінің директоры Талғат Келімбетовке ресми түрде табыстады. Осылайша, Есік археологиялық-өлкетану музей қоры алтын сақина, алтын жапсырмалар, алтын алқаның қысқа үзігі, қыш ыдыстар, темір және қола шегелер мен адамның 2 дана тісімен толықты.
    «Аталған жәдігерлер – өлкеміздің тереңде жатқан тарихы, осы жерді мекен еткен ата-бабаларымыздың бай мәдениеті, сол кездердің өзінде шеберліктің шыңына шыға білген зергерлік, ұсталық өнер жайында мол мағлұмат беретін үлкен қазына. Қорымдардың кезінде бірнеше рет тоналғанына қарамастан, осындай құнды жәдігерлердің табылуын мамандар өте сирек оқиғаға балап отыр», – деген Талғат Құрманбекұлы қазба жұмыстарын жүргізген археолог, тарихшыларға алғысын білдірді.
    Қазба жұмыстары кезіндегі қызықты естеліктерімен бөліскен археолог Хамит Айтқұл: «Жалпы саны алты оба қазылды. Олардың диаметрі – 5-30 метр аралығында. Обалардың тоналғанын оның статиграфикалық, мәдени қабаттарынан-ақ аңғаруға болады. Қорғандардың төменгі негізгі орындары кеңейіп кеткен. Сондай-ақ қазба жұмыстары кезінде жәдігерлердің көп сынығы жоғары қабаттарынан шығып жатты. Қорымдардан жалпы саны 30-ға жуық жәдігер табылды. Бүгінде қыш ыдыстардың сынған бөліктері түгенделіп, құрастырылып жатыр», – дейді.
    Тарихтың тереңінен бүгінгі күнге жеткен бұл қазына уақыт тезінен өтіп, сынып-шашылған қыш құмыра сияқты ұмыт болған, белгісіз қалған тарихымыздың әр парағын түгендеп, болашаққа бүтіндеп аманаттауға мол мүмкіндік берері сөзсіз.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Жастарға жол көрсетті

    Жастарға жол көрсетті

    1 year ago
    Білімді ұлтқа бастар нақты бағдар

    Білімді ұлтқа бастар нақты бағдар

    1 month ago
    Демеу берген күміс

    Демеу берген күміс

    2 years ago
    Өз ісінің білгірі еді

    Өз ісінің білгірі еді

    2 years ago
    Нарық сұранысына сай

    Нарық сұранысына сай

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>