-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Демеу берген күміс

    09.08.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Демеу берген күміс
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Парижде өтіп жатқан ХХХІІІ Олимпиада ойындарының аяқталар сәті жақын. Әлемдегі 206 мемлекеттің үздік спортшылары жалпы 329 медальді сарапқа салуда. Бұл жарыстан Қазақстан құрамасы әзірге 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола) алды.

    Ұлттық құрама қатарында сынға түскен Алматы облысының спортшыларынан тек Демеу Жадыраев жүлдеге ие болды. Ол грек-рим күресінен 77 келі салмақта финалға шығып, негізгі кездесуде жапониялық Нао Кусакадан жеңілді. Финалға дейін азуын айға білеген азулы қарсыластары Алексис Муностаннан (Колумбия), Ақжол Махмұдовтан (Қырғызстан), Санан Сүлеймановтан (Әзербайжан) айласын асырып, жеңіске жетті.
    Бұл жүлде ­­– еліміздің грек-рим күресінің тарихында 16 жылдан кейін қазақтың баласы алып отырған медаль. Оның алдында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында ауылдасы, ағасы Нұрбақыт Теңізбаев жүлдегерлер қатарынан көрінген еді. Ал финалға шыққан да, күміс алған да кейінгі қазақ – Дәулет Тұрлыханов (Сеул Олимпиадасы, 1988). Арасы – 36 жыл! Осы тұрғыда Демеудің жүлдесінің салмағы басым, жанкүйерлерге ыстық.
    – Демеудің күміс жүлдесіне қуаныштымыз. Алтын медаль болады деген үмітпен бәріміз қолдау көрсеттік. Дегенмен мұның өзі – үлкен жетістік. Демеу бар күш-жігерін салып, қолынан келгенін жасады. Қазақ еліне үлкен қуаныш сыйлады, – деді ізінен ерген інісінің жүлдесі жөнінде Нұрбақыт Теңізбаев. Одан бөлек, Алматы облысынан Олимпиада ойындарына қатысқан мергендердің нәтижесі біз күткендегідей керемет болмады. Әлем кубогы мен Азия құрлығындағы біріншіліктерде үздік нәтиже көрсетіп жүрген мергендеріміз осы бір сында білгенінен жаңылғандай. Мәселен, стенд атудан жекелей сында Эдуард Ещенко 30 мергеннің ішінен 115 ұпай жинап, 26-орыннан көрінсе, скит бағдарламасы бойынша Әсем Орынбай 116 ұпай жинап (1-22, 2-22, 3-23, 4-24, 5-25), іріктеуден өте алмады.
    Әсем Орынбай – стенд атудан Олимпиадаға қатысқан тұңғыш қазақ қызы. Ол Азия ойындарының жеңімпазы (2022), Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2022). Одан бөлек, тағы бір қатысушы ­Мария Дмитриенко стенд ату бойынша 120 ұпай жинап, 10-орын алды. Жұптық сында Эдуард Ещенко мен Әсем Орынбай 140 ұпай (1-23+23, 2- 24+24, 3- 23+23) жинап, 12-орыннан көрінді. Жаһан жарыстарында жарқырап жүрген мергендеріміздің төрт жылдықтың басты додасында сәтсіз өнер көрсетуі жанкүйерлер үшін оңайға соққан жоқ.
    Халықаралық жарыстарда тұрақты түрде үздіктер қатарынан көрініп келе жатқан спортшыларымыздың Олимпиададағы өнері бүкіл жанкүйер үшін өте маңызды. Демеудің күміс жүлдесі Алматы облысы үшін ғана емес, ел үшін айтулы белес! Әсіресе күрес десе, ішкен асын жерге қоятын, айналасын ұмытып, қызығына кіріп кететіндердің көңіліне ­Демеудің жетістігі үлкен демеу болды. Ұзақ уақыт аңсап күткен медаль алдағы сындарда спортшыларымыздың сүрінбеуіне жол ашсын демекпіз.

    Серік Құдайгенұлы

    Ұсынымдар

    БАҚ өкілдерін марапаттаған Президент журналистердің міндеті туралы да айтты

    БАҚ өкілдерін марапаттаған Президент журналистердің міндеті туралы да айтты

    2 years ago
    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    ҚХА-ның “Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу” атты сессиясы басталды

    1 year ago
    Облыста аудандық жедел жәрдем көліктерінің үштен бірін жаңарту керек

    Облыста аудандық жедел жәрдем көліктерінің үштен бірін жаңарту керек

    2 years ago
    Халық игілігі үшін

    Халық игілігі үшін

    1 year ago
    Қарқара тарихына үңілді

    Қарқара тарихына үңілді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.