⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сыйластық жібі үзілмейді

    28.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Сыйластық жібі үзілмейді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасында консультативтік-диагностикалық орталықтың меңгерушісі болып Рашид Бархударов деген азамат жұмыс істейді. Медицина саласында 17 жылдық тәжірибесі бар терапевт, онколог-маммолог, жалпы практика дәрігері. Ұлты – күрд, қазақша еркін сөйлейді. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Рашид Исаұлымен жолығып, жылы лебізін тыңдап қайттық.

    Рашид Исаұлы Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданындағы Амансай елдімекенінде дүниеге келген. Отбасында төрт баланың үлкені. «Қазақы ауылда тұрған соң кішкентайымыздан тіліміз қазақша шықты. Бұған, әрине, ата-әжеміз бен әке-шешеміздің ықпалы зор болды. Үйдегі үлкендердің берген бағыт-бағдарымен мектепте 11 жыл, одан кейін жоғары оқу орны – Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында 7 жыл қазақ тілінде білім алдым. Әке-шешем, бауырларым, бала-шағам – бәрі бұл тілде ойын еркін жеткізеді. Қазақшаны ауызекі тілде ғана емес, жазбаша да өте жақсы меңгердім. Қазір қызметте барлық құжатты қазақ тілінде жүргіземін, хаттарды қазақша жазамын. Тілді білуім қай ортада да өзімді еркін ұстауға, сондай-ақ қызметте көп көмек болды. Дертіне ем іздеп, алдыма келген адамға бәрін байыппен өз тілінде толық түсіндіріп беруге қабілетім жетеді. Мен үшін бастысы – осы», – дейді ол.
    1937-1938 жылдары жүргізілген жаппай қуғын-сүргін саясаты кезінде күрдтердің бір бөлігі Кавказ өңірінен күштеп көшірілді. Олар Орта Азияға, соның ішінде Қазақстанға жер аударылды. Осынау тағдыр тауқыметін көрген көптің ішінде Рашид Исаұлының атасы – жиырма жастағы Наби Бархударов та бар-тын.
    «Атамның аты-жөні – Наби Мусаұлы Бархударов, 1918 жылғы. Ал әжем –Хазал Мамеқызы Даутова 1921 жылғы. Арамызда қазір болмаса да, ол кісілердің қазақ халқына деген алғысы мен ыстық ықыласына, ерекше құрметіне жастайымыздан куә болып өстік. Қазақ халқының бауырмалдығы, қиын қыстау уақытта ешкімді өзекке теппей, құшағына кіргізген кеңдігі мен мейірімін ешқашан ұмытуға болмайтынын, осы қамқорлықтың арқасында талай жанның тағдыр тәлкегінен аман қалып, бүгінде үрім-бұтағын өрбітіп отырғанын үйде үлкендер үнемі айтатын. Тек айтып қана қоймай, балалары – біздің бойымызда қазақ ұлтына, салт-дәстүріне, ділі мен тіліне деген ерекше құрметті қалыптастырды. Сол құрмет пен сыйластық жібін үзбей, біз де өз кезегімізде ұрпағымызды тәрбиелеп келеміз. Бұл дәстүр сан жылдар бойы жалғасын тауып, бірлігіміз жарасып, берекеміз артып, бейбіт күнде ортақ шаңырақ – Отанымыздың гүлдене беруі үшін бірге еңбек ете береміз», – дейді Рашид Исаұлы.
    Алғыс айту күнінің негізгі идеясы мен мақсаты да – тағдыр тәлкегімен Қазақ жеріне қоныс аударып, қанатын Қазақстанда қатайтқан отандастарымызбен шаңырағымызды бірге биіктетіп, керегемізді кеңейту. Кешегі күннің келбетіне үңіліп, болашаққа бірге нық қадам жасау. Ал қадамымыз нық, келешегіміз кемел болуы бір мүдде мен бір мақсатқа жұмылған береке-бірлікте болуымызға байланысты.
    «Отан отбасынан басталады» демекші, бәрі отбасынан бастау алуы керек. Ұлтқа, Отанға деген сүйіспеншілік адамды рухтандырып, кеудеде патриоттық сезімді, бойдағы достық ниет пен мейірімді оятады. Ал ол үшін бала кезден алған үлгі-өнегенің маңызы ерекше. Балаларға бұл тәрбие балабақшадан бастап берілуі керек. Кішкентайдан көріп, үйреніп өскенің өмір бойына азық болады. Жаңа айтып өткенімдей, үйдегі үлкендердің тәрбиесімен Қазақстанда тұрғандықтан бұл елге деген құрметіміз оның тіліне, мәдениетіне деген көзқарасымызбен көрінеді. Менің ойымша, өзін құрметтейтін адам өзгелерге де құрметпен қарауы керек», – деген кейіпкерім: «Тарихтың ең бір ауыр кезеңдерінде тағдыр айдап келген талай этнос өкілін жатсынбай, бауырына басқан қазақ халқына шексіз алғысымды білдіремін! Ашаршылық пен жоқшылық заманда ешкімді бөтенсінбей, барымен бөлісіп, пана болған қамқорлық пен мейірім ешқашан ұмытылмайды. Ынтымағымыз артып, татулығымыз нығая берсін!», – деп жылы лебізін білдірді.
    Көк Туымыз биікте желбіреп, бейбіт күннің аспаны әрдайым ашық болсын! Бұл – Қазақ жерін мекен етіп, осында өсіп-өніп жатқан баршамыздың басты тілегіміз.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Ақпарат тарату құқығы басқа адамдардың құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс – «Әділ сөз»

    Ақпарат тарату құқығы басқа адамдардың құқығы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеуі тиіс – «Әділ сөз»

    1 month ago
    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    2 years ago
    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    Көлігіне қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілер жауапқа тартылады

    2 years ago
    Достықтың кілті

    Достықтың кілті

    9 months ago
    Отбасы – от басу емес

    Отбасылық құндылығымыз құлдырауда

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>