⚠️ Ауа райы табылмады.
Сейсенбі, Ақпан 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастар арасында талқыланды

    23.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жастар арасында талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы Жастар ресурстық орталығында «Жаңа Конституция: орнықты дамудағы қоғамдық диалог пен жастардың рөлі» атты кездесу өтті. Аймақтағы белсенді жастар бас қосқан шарада ашық әрі конструктивті диалог орнатылып, еліміздегі өзекті қоғамдық-саяси өзгерістер талқыланды.

    Кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, республикалық жалпыұлттық коалиция мүшесі Анас Баққожаев, «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы, аймақтық жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Серік Нұрқадіров, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Қазыбек Дәуітәлиев, мәслихат депутаты Сергей Горяной қатысып, өз ойларын ортаға салды.
    Мәжіліс депутаты Анас Ахатұлы­ның сөзінше, елдің жаңа Конституция жобасы – мемлекетіміздің саяси-құқықтық жүйесін жаңғыртудағы батыл бастама. Ел жастары бұл құжатты мемлекеттің болашағына жасалған ұзақмерзімді инвестиция деп қабылдауы тиіс. «Дайындалған құжаттың сапасына еш күмәнім жоқ. Жаңа Конституция жобасының ұтымды тұстары аз емес. Кіріспесінің өзі қандай?! Ұлы дала перзентінің әлемге айтқан монологы секілді. Оқисың, сүйсінесің, рухтанасың. Сену – көз жұмып қабылдау емес. Сену жауапкершілікпен бірге жүруі тиіс. Конституцияға дауыс беретін – сіздер. Сондықтан референдумға дейін мәтінмен мұқият танысып, әр сөзіне ой жүгіртіңіздер. Мұндай өзгеріс 20, 50 жылдан кейін де болуы мүмкін. Бұл – дамып жатқан елдің белгісі»,– деді Анас Баққожаев.
    Басқосуда облыстық жалпыұлттық коалиция төрағасының орынбасары Серік Нұрқадіров ұсынылып отыр­ған жаңа Конституция жобасы – эволюциялық сипаттағы саяси реформа екенін жеткізді. Оның пайымынша, жаңа Конституция қолданыстағы Ата Заңның тарихи миссиясын жоққа шығармайды, керісінше, соның негізінде мемлекеттік жүйені жаңа қоғамдық сұраныстарға бейімдеуді көздейді. Ал облыс­тық жалпыұлттық коалиция мүшесі Қазыбек Дәуітәлиевтің пікірінше, жаңа Ата Заң еліміздің қалыптасқан мемлекеттік құрылымын, халықаралық беделін, адами капиталды, білім, ғылым және инновацияларды дамытудағы айқын басымдықтарын нақты көрсетіп, Қазақстанның болашаққа сенімді бағдармен қадам басып келе жатқанын аңғартады. Бүгінде жастар бұл реформалардың әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыруға берік негіз қалауына атсалысуы қажет. «Қазақстан үшін бұл кезең – саяси реформалардың қорытындысы ғана емес, жаңа мемлекеттік даму дәуірінің бастауы деп үміттенеміз. Алдағы кезеңде Конституция жобасы кең көлемде талқылаудан өтіп, түпкілікті шешімнің референдум арқылы қабылданатыны белгілі. Бұл – әрбір азаматтың ел болашағына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін тарихи сәт», – деді Қазыбек Дәуітәлиев.
    Жүздесуде «Жастар рухы» жастар қанатының Алматы облыстық филиалының төрағасы, аймақтық жалпыұлттық коалиция мүшесі Әділет Айтқазы бастаған жалынды жастар сөз сөйлеп, Конституцияның жаңа жобасымен толық танысқанын айтып, қолдау білдірді.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    Алматы облысында имамдар боз кілемде белдесті

    3 years ago
    “Масс-медиа туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына түсті

    “Масс-медиа туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына түсті

    3 years ago
    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    2 years ago
    Сібір жарасына қарсы жүздеген адам екпе алды

    Сібір жарасына қарсы жүздеген адам екпе алды

    2 years ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    АЭС салынатын орын таңдалды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>