⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Ақпан 28, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ

    02.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ САРАЛАНДЫ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Облыстық әкімдіктің мәжіліс залында аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің төрағалығымен жыл қорытындысы сараланған алқа мәжілісі өтті.

    Басқосуда алғашқы сөз кезегін алған облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы ауыл шаруашылығы саласының дамуы, мемлекеттік бағдарламалар туралы сөз қозғады. Айтуынша, былтыр облыста аграрлық саладағы  макрокөрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өсімі 102 пайызды құрап,  инвестиция көлемі 3,1 есеге артып, агроөнімдер экспорты 18 пайызға көбейген. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүргізілуде. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарын 436,3 мың гектарға егу жоспарлануда.

    – Үкіметтің агрокешенді дамыту Жол картасына сәйкес күріш алқабын 1,9 мың гектарға төмендету қажет болғанымен, Балқаш ауданы 1,0 мың гектарға ғана азайтып отыр. Аудан, қала әкімдері егіс көлемін жоспарлауға салғырт қарайтынын атап өткім келеді. Мәселен, былтыр 7 аудан мен Алатау қаласы өздері ұсынған жоспарлы егіс көлемін сеппеді, өсімдік шаруашылығы өндірісі 101,5 пайыздың орнына 99,6 пайызға орындалды. Биыл қайтадан 24,2 мың гектарға ұлғайту көзделуде. Оның 10,5 мың гектары – Алатау қаласына тиесілі. Осы жоспар министрлікке өткізілді, толық көлемде себілуін қамтамасыз ету қажет, – деді облыс әкімінің орынбасары. Сонымен бірге картоп алқабын Еңбекшіқазақ ауданы 61 гектарға,  Кеген ауданы 26 гектарға азайтуды жоспарлағанын, Жамбыл, Іле, Қарасай, Талғар, Ұйғыр аудандарында егіс көлемі былтырғы деңгейден көтерілмей отырғанын,  бұл жергілікті атқарушы органдардың нарық сұранысына бейімделу, ауыспалы егістікті пайдалану сияқты негізгі ұстанымдарды ескермейтіндігінен екенін атап өтті.

    Бақытнұр Бақытұлы тұқым шаруашылығында импортқа тәуелділік жоғары болып тұрғанын, биылдан бастап тұқымға сұраныс пен  сапаны қадағалау үшін Ұлттық ғылым академиясы цифрлық жүйе енгізгенін, бұған Алматы облысы пилоттық өңір ретінде қатысып жатқанын, аймақтағы шаруашылықтардың осы жүйеге толық тіркелгенін мәлімдеді.  Сонымен қатар биыл Үлкен Алматы арнасынан  су алатын  шаруашылықтар келісімшартқа тек цифрлық форматта билинг жүйесі арқылы ғана отыратын болғанын,  жаңа талапқа сәйкес қарызы бар, құжаты дұрыс емес шаруашылықтарға  суармалы су берілмейтінін, сондықтан Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле және Жамбыл аудандарының әкімдіктері ақпан айының бірінші онкүндігінде бұл жұмыстарды толық аяқтауы тиіс екенін хабардар етті.

    Келесі кезекте облыс әкімінің орынбасары Әсет Масабаев сөз алып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары мен Қонаев қаласының кешенді даму жоспарын жүзеге асыру және инвестициялық жобалар мен индустриалдық аймақтарды инженерлік желілермен қамтамасыз ету мәселелері жайына тоқталды.

    Баяндамашының айтуынша, облыс әкімінің инвестиция тарту жөніндегі тапсырмасы аясында 4 индустриялық аймақ құрылып, онда инженерлік инфрақұрылымды жүргізу және қажетті қуаттармен қамтамасыз ету жұмысы жүріп жатыр. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы наурыз айының соңына дейін 438 гектар жер телімінде «Қонаев қаласында кәріздік тазарту» жобасының құрылыс-монтаж жұмысы басталады. Қонаев қаласының кешенді даму жоспарына сәйкес бірінші кезекте департаменттер, облыстық сот, ҰҚК, әкімдікке қарасты ведомстволық ұйымдар нысандарының  құрылысы басталады. 2-тоқсанда «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаражаты есебінен бой көтеретін драма театрдың мемлекеттік сараптама қорытындысын алу күтілуде.  Сонымен қатар жеке инвестициялар қаражаты есебінен «Қонаев-Арена» стадионының, кітапханасы бар 600 орынды Оқушылар сарайының, зертханасы бар музей құрылысы Үкімет тарапынан қолдау тапқан.  Аумақтық мемлекеттік органдарды орналастыру мақсатында 5 әкімшілік ғимараттың  маңыздылығын ескере отырып, оларды сатып алу үшін Үкімет резерві есебінен қаржыландыру мүмкіндігін қарауға өтінім берілген.

    Әсет Дүйсебекұлы Қонаев қаласын дамыту мақсатында «Жаңа Іле» шағынауданының 5 көшесінің жолы,  су,  кәріз және  жылыту желілері, су жинақтауыш торап,  кәріз тазалау қондырғысы, газ құбыры жобаларына мемлекеттік-жекешелік серіктес тетігін қолдануға ұсыныс енгізуге рұқсат беруді сұрады. Екі жоба сараптамадан шыққан болса,  қалғандары ақпан айының соңына дейін кіреді екен.

    Одан әрі жалғасқан мәжілісте облыс әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өңірдегі идеологиялық саясатты іске асыру, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі туралы баяндады. Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттарына сәйкес қоғамдық кеңес, Азаматтық альянс, ардагерлер ұйымы, ақсақалдар және аналар кеңесі, діни бірлестік көшбасшылары және басқа да азаматтық институттардың  әлеуетін қолдана отырып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан Ғани Айдарұлы былтыр 72 үкіметтік емес ұйымның қатысуымен 81 әлеуметтік жоба жүзеге асқанын тілге тиек етті.  Облыс әкімінің қолдауымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға қажет қаржы көлемі ұлғайып,1,3 млрд теңгені құрап отырғанын, мұның ішкі саясаттың басым бағыттарын жүйелі түрде жүзеге асыруға қосымша мүмкіндік туғызатынын атап өтті. Сонымен бірге өзара келісімді нығайту және қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында және дін саласында жүзеге асырылып жатқан жүйелі жұмыстар жайын хабардар етті. Оның айтуынша, жүйелі жұмыстың нәтижесінде былтыр 205 адам дәстүрлі ислам нормаларына оралып, Алматы облысы республика деңгейінде ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Биыл Қонаев қаласында пилоттық жоба ретінде аудан және қалалардың вокальды-аспаптық ансамбльдері қатысатын «Qonaev Fest», «Шарын фест» сынды фестивальдер өткізу жоспарлануда.

    Облыс әкімінің орынбасары өңір  жастары Алматы, Астана қалалары және Түркістан облысынан кейінгі төртінші орында екенін, соңғы екі жыл ішінде аймақ басшысының қолдауымен 4 ауданда жаңа жастар орталығының ғимараты қолданысқа берілгенін, Қонаев қаласы мен Іле ауданында коворкинг орталыққа бейімделген нысандар іске қосылғанын, ақпан айында Талғар ауданында жаңа орталық ашылатынын хабардар етті. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастардың үлесі соңғы екі жылда төмендегенімен, облыстың республика көлемінде көш соңында тұрғанын,  сондықтан аудандық және қалалық әкімдіктермен, салалық басқармалармен бірлесе отырып, 10 мың жасты қамтитын онлайн және офлайн жәрмеңке ұйымдастырып, әр жаспен адрестік жұмысты күшейту арқылы қазіргі көрсеткішті 50 пайызға  төмендету көзделіп отырғанын жеткізді. Сондай-ақ спортты дамыту бағытындағы   және білім беру саласының жұмысы жайлы да мағлұмат берді.

    Ғани Айдарұлы облыста мемлекеттік ақпараттық тапсырыс аясында бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы ақпараттық қызмет көрсету жұмысының қалай жүзеге асырылып жатқанына да кеңінен тоқталды. Бұл бағытта жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде облыс тұрғындары арасында қоғамдық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған оң үрдістер байқалғанын және әлеуметтік наразылық көңіл-күйдің төмендегенін  тілге тиек етті. Сонымен қатар ішкі саясат басқармасы тарапынан әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарына жүргізген мониторинг барысында тіркелген теріс сипаттағы материалдарға  аудан немесе басқарма өкілдері жауаптарының басым бөлігі бастапқы шағым иесіне, пабликтер мен сайттарға жеткізілмей, қабылданған шаралар немесе түсіндірмелер ақпараттық кеңістікте толық көрініс таппай, кері байланыс тетігі тиісті деңгейде жұмыс істемей отырғанын, мұның алдағы күндері ретке келтіріліп, қатаң бақылауға алынатынын мәлімдеді. Осының салдарынан республика бойынша кері байланыс орнатылмаған теріс сипаттағы барлық материалдардың 90 пайызы Алматы облысына тиесілі болып отыр екен.

    – Былтыр мониторинг арқылы облыс бойынша 4 450 теріс сипаттағы жарияланым анықталды. Олардың басым бөлігі Қарасай, Іле, және  Талғар аудандарына тиесілі.  Эфирлік саясатты жаңғырту және контенттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында республикалық деңгейде баламасы жоқ жаңа форматтағы бағдарламаларды қамтитын кешенді медиа-жоспар әзірленді. Аталған медиа-жоспар ақпараттық және қоғамдық маңызы бар контент үлесін ұлғайтуға, аудиторияны кеңейтуге және өңірлік телерадио кеңістіктегі «Qonaev Media» телеарнасының позициясын нығайтуға бағытталған, – деген облыс әкімінің ңорынбасары «Өлке тынысы» мен  өңірлік коммуникациялар қызметінің жұмысына өз бағасын берді.

    Одан әрі қаржы басқармасының басшысы Бибігүл Ұзақова мен  кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Манасбаеваның баяндамалары тыңдалды.

    Жиынды қорытындылаған Марат Елеусізұлы облыстың жалпы әлеуметтік-экономикалық дамудың тұрақты оң динамикасын сақтап қалғанын,  былтыр тартылған инвестиция көлемінің  орындалуы бойынша республикада 6-орынға шыққанымызды,  алайда Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген және Райымбек аудандарында белсенділік төмендегенін атап өтті. Сонымен қатар пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты алаңдаушылық білдіріп, қайта өңделген өнімнің үлесі бойынша белгіленген жоспарлы көрсеткіштерге де қол жеткізілмегенін де тілге тиек етті. Сондай-ақ өңірдегі идеологиялық саясатты жүзеге асыру, коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша да жауапты мекемелер жүйелі жұмысты күшейтуі қажет екенін қаперге салды.

    Аймақ басшысы орын алған олқылықтың орнын толтыру мақсатында бірқатар сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Отан отбасынан басталады

    Отан отбасынан басталады

    11 months ago
    Маңызды мәселе көтерілді

    Маңызды мәселе көтерілді

    4 months ago
    Дәуір дерегі

    Дәуір дерегі

    5 months ago
    Бабалардың ерлік рухы

    Бабалардың ерлік рухы

    9 months ago
    ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ҚАЖЕТ

    ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР ҚАЖЕТ

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>