⛅
18°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Бабалардың ерлік рухы

    19.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Бабалардың ерлік рухы
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Талғар ауданында көкпардан жастар арасында ХІХ Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. «Almaty Horse and Polo Club» ат спорты клубының «Ақбұлақ» атшабарында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр аймағынан 16-23 жас аралығындағы 156 спортшы қатысты. 

    Бұл ұлттық ойынның тамыры көшпелілер дәуірінен бастау алатыны, ата-бабаларымыздың рухы мен ерлік болмысын танытатын ерекше спорт түрі екені жарыстың салтанатты ашылуында атап өтілді.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауының арқасында елімізде ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Көкпар – біздің тарихымыз, мақтанышымыз. Бұл спорт ер мінезді, батылдықты және командалық рухты қалыптастырады. Ұйымдастырушыларға және ұлттық спортты дамытып жатқан баршаға алғыс айтамыз», – деді Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы  Рахман Шахарбек.

    «Көкпар – халқымыздың мәдени мұрасы. Аталған чемпионат ұлттық жастар құрамасына үздіктерді іріктеуге арналған. Көкпар тек дәстүр ғана емес, үлкен жеңістерге апарар жол екенін жастар білуге тиіс», – деді республикалық көкпар федерациясының президенті Айдарбек Қожаназаров. Сондай-ақ ол көкпар лигасын құру және кәсіпқой футболға ұқсас клубтық жарыс жүйесіне көшу арқылы ұлттық спорт түрін дамытудың жаңаша сипаты қолға алынғанын хабарлады.

    Айта кетейік, көкпардан Қазақстан біріншілігі алғаш рет 2001 жылы ұйымдастырылған. Содан бері елімізде жыл сайын республикалық деңгейдегі турнирлер өткізіліп келеді. Бүгінде көкпар  халықаралық спорт түріне айналып, әлемдік аренаға шықты. Өткен жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын еске түсірсек жеткілікті. Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан спортшыларын жеңіп, чемпион атанған болатын.

    Жарыс қорытындысы бойынша, Алматы облысының жастар командасы үздік үштікке кірді. 2-орынды Шымкент қаласының командасы иеленді. Жамбыл облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды. Олар кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 12 350 000 теңгені құрады. Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік балуан» и «Үздік тұлпар» номинациялары бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздарға ҚР спорт шебері, ал жүлдегерлерге ҚР спорт шеберлігіне кандидат атағы берілді.

    Ұйымдастырушылар: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, көпар республикалық федерациясы.

    Бас серіктес – Самұрық-Қазына.

    Демеуші – Sport qory спортты қолдау қоры.л сайын республикалық деңгейдегі турнирлер өткізіліп келеді. Бүгінде көкпар  халықаралық спорт түріне айналып, әлемдік аренаға шықты. Өткен жылы Астанада өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын еске түсірсек жеткілікті. Көкпардан Қазақстан құрамасы Қырғызстан спортшыларын жеңіп, чемпион атанған болатын.

    Жарыс қорытындысы бойынша, Алматы облысының жастар командасы үздік үштікке кірді. 2-орынды Шымкент қаласының командасы иеленді. Жамбыл облысының көкпаршылары жеңімпаз атанды. Олар кубок, медаль, диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры 12 350 000 теңгені құрады. Сонымен қатар «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік балуан» и «Үздік тұлпар» номинациялары бойынша жүлдегерлер анықталды. Жеңімпаздарға ҚР спорт шебері, ал жүлдегерлерге ҚР спорт шеберлігіне кандидат атағы берілді.

    Ұйымдастырушылар: ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, көпар республикалық федерациясы.

    Бас серіктес – Самұрық-Қазына. Демеуші – Sport qory спортты қолдау қоры.

    Соңғы жаңалықтар

    Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
    10.04.2026
    Солтүстік шақырады: қоныс аударушыларға қолдау көп
    10.04.2026
    Мұнай және жаһандық экономика
    10.04.2026
    Келелі мәселе көтерілді
    10.04.2026
    ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – САРБАЗ РУХЫНЫҢ ТІРЕГІ
    10.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>