Алматы облысындағы «Самға» сауықтыру орталығының негізін қалаушы Марат Абдуллаев – ел болашағына бейжай қарамайтын азамат. Ол Қонаев қаласындағы №938 учаскесіне келіп дауыс берді.
«Мен үнемі саяси науқанға қатысамын. Дауыс беру – кез келген азаматтың парызы. Азаматтар елінде болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарамауы керек. Учаскеге келіп дауыс беру мен үшін еш қиындық тудырған жоқ. Өйткені, ғимаратта мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына жағдай жасалған. Бүгін мұнда ел болашағын ойлайтын, нағыз патриот адамдар келді деп ойлаймын. Өйткені, еліміз үшін ең маңызды құжат – жаңа Ата Заң қабылданбақшы. Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көптеген бағдарламалар қабылданып жатыр. Олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғам өміріне толыққанды қатысуына жағдай жасау – мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл бағыттағы халықаралық міндеттемелер жаңа Ата Заңда да көрсетілген. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жағдайының әлде де жақсаруы үшін бүгін дауыс беріп, белсенділік танытуымыз қажет» – дейді Марат Бекенұлы.




