⛅
1°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел келешегі үшін маңызы зор

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Конституция, Құқық-заң, Референдум
    Ел келешегі үшін маңызы зор
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі, Қонаев қаласының Құрметті азаматы, қалалық аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекова «Нұрбөбек» балабақшасында орналасқан №938 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындату мен тағылымды тәрбие беру жолында ұзақ жылдар бойы тер төккен Дәметкен Таласбекқызы 80 жасқа келсе де, жас ұрпақтың болашағы үшін әлі күнге қоғамдық қызмет атқарып жүргенін атап өткен жөн.
    – Бүгінгі елімізде өтіп жатқан референдумның ел келешегі үшін алатын орны ерекше. Қабылдану үшін дауыс беріліп жатқан Ата Заңды халықтың бейбіт және әділетті қоғамда өмір сүруіне кепілдік беретін құжат деп білемін. Ол адам құқығын, бостандығын және этносаралық бірлікті бекемдейтіні анық. Сол себепті ел болашағын айқындайтын саяси науқанға белсене қатысу – әр азаматтың міндеті. Өйткені бүгінгі көпшіліктің таңдауынан ертеңгі ел тағдыры шешілмек. Сондықтан қала тұрғындарының салғырттық танытпай, референдумнан қалыс қалмағаны абзал. Баршаңызды тарихи кезеңге куә бола отырып, дауыс беруге бір кісідей қатысып, ел тағдыры үшін өз еркін білдіруге шақырамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, – деді қоғам белсендісі.
    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ
    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Болат Әбділманов: «Ата Заңды қолдау – парызымыз»
    15.03.2026
    Ата-баба мұрасы – болашаққа бағыт береді
    15.03.2026
    Референдум учаскесінде – “Алтын адам”
    15.03.2026
    «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы таңдауын жасады
    15.03.2026
    103 жастағы әже: «Дауыс беру – азаматтық парызым!»
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>