⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Әдебиет

    Халық оның шын аты

    03.03.2026
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Халық оның шын аты
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

       Алматы төрінде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған тағылымды кеш өтті. Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының үлкен залындағы «Ата толғауы» атты мәдени шара ұлт өнерінің алтын арқауын жалғастырып, қазақтың саз өнері мен сөз өнерін тоғыстырды. Салтанатты концертте ақын мұрасы жаңаша тыныспен жаңғырып, қазақ пен қырғыз халықтарының мәдени үндестігі кеңінен дәріптелді.

    Филармония фойесіне жиналған жұртшылықтың жүзінен ерекше толқыныс байқалды. Мұнда Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалдық музейімен бірлескен көрме ұйымдас­тырылып, тарихи жәдігерлер өткен дәуірдің үнсіз шежіресіндей әсер қалдырды.
    Сахна шамдары баяу жанып, күй күмбірі кең залды тербеген сәттен бастап көрермен рухани кеңістікке енгендей болды. Нұрғиса Тілендиев атындағы академиялық фольклорлы-этнография­лық «Отырар сазы» оркестрі мен әртістер бірігіп орындаған «Ата толғауы» прологы кеш мазмұнын айқындап берді. Домбыраның қоңыр үні мен оркестрлік саз, актерлік шеберлік бір сәтте өткен мен бүгіннің арасын жалғаған алтын көпірге айналғандай әсер қалдырды. Артынша сахнаға көтерілген Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жиналған қауымды ақын мерейтойымен құттықтап, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хатын оқып берді. Хат мәтінінде: «Қадірлі қауым! Сіздерді қазақ халқының заңғар тұлғасы, әдебиетіміздің алыбы – Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Жамбыл Жабаев – ұлт руханиятында ерекше орны бар тарихи қайраткер, төл мәдениетіміздің аса көрнекті өкілі. Әйгілі жыршы шоқтығы биік шығармалары арқылы отаншылдық пен ынтымақ, ерлік пен елдік, адалдық пен әділдік секілді мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеді. Халқымыздың біртуар перзенті айтыс өнерінің өрісін кеңейтуге, эпикалық дәстүрді жаңғыртуға, қазақ-қырғыз әдеби байланысын нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Өз дәуірінің тыныс-тіршілігін асқан шеберлікпен суреттеп, жұрттың ыстық ықыласына бөленді. «ХХ ғасырдың Гомері» атанған ұлы ақынның туындылары көптеген шет тіліне аударылып, барша адамзатқа ортақ қазынаға айналды. Қос ғасырдың куәсі болған жыр алыбының мол мұрасы әлі талай ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз. Биыл мерейтойға орай Жамбыл Жабаевтың тарихи бейнесін айшықтай түсетін құнды пікірлер мен тағылымды ой-тұжырымдар айтылады деп сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, бақ-береке тілеймін!» – делінген.


    Салтанатты жиында Мәлік Нұржанұлы мәдениет саласының бірқатар өкілін Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапаттады. Келесі құттықтау сөз кезегін алған Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы Мереке Құлкенов жыр алыбының қазақ руханиятындағы орнын ерекше атап өтті. ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы, Қырғызстанның халық жазушысы Сұлтан Раев та Жамбыл тұлғасының түркі дүниесіндегі маңызына тоқталды.
    – Әр дәуір өз алыптарын тудырады. Олар заманның сөзін айтып, ұлтына ұланғайыр пайдасын тигізді. Жамбыл Жабаев та – қазақтың жығысы жығылмаған жырауы, батагөй абызы. Қара дауыл құйындай жырларымен халқын өнер-білімге, еңбекке үндеді. Көне заман мен жаңа дәуірді таразылап, елдің мұңын мұңдап өтті. Мұндай тұлғалар өмірге сирек келеді, – деді ол. Артынша мәдениет майталмандары мен өнерпаздарға ТҮРКСОЙ ұйымының арнайы медалі табысталып, ұлттық өнерге қызмет етіп жүрген тұлғалардың еңбегі жоғары бағаланды.


    Кештің өн – бойында Жамбыл тұлғасы тек тарихи бейне ретінде емес, халықпен бірге жасап келе жатқан рухани күш ретінде сезілді. Сахна төрінде өнер көрсеткен әр ұжым мен әр орындаушы ақын мұрасын өз үнімен, өз жүрек лүпілімен жеткізуге барын салды. «Отырар сазы» оркестрінің орындауындағы симфониялық туындылар, хор капелласы­ның кең тынысты әндері, жеке орындаушылардың шеберлігі – бәрі бірігіп ұлттық өнердің тұтас панорамасын қалыптастырды. Әсіресе Жамбылдың «Жаз» өлеңінің сахналық көрінісі табиғат пен адам жанының үндестігін сездірсе, «Жамбыл жыры», «Жамбыл жайлауы» секілді музыкалық шығармалар ақын есімінің халық жадында мәңгі жаңғырып тұратынын аңғартты. Зал толы көрермен бәрін ықыласпен қабылдап, әр әуен сайын өткен дәуірдің тынысын сезгендей күй кешті. Кеште күй анасы Дина Нұрпейісованың мұрасына көрсетілген құрмет те ерекше болды. Биыл туғанына 165 жыл толып отырған ұлы күйшінің «Науысқы» атты шығармасы орындалғанда, домбыра үні ғасырлар қойнауынан жеткен сырлы әңгімедей естілді. Сол мезетте қазақ өнерінің ғасырлар бойы үзілмеген сабақтастығы анық байқалды.
    Жамбыл дәуіріндегі өнер алыптары­ның рухани байланысы да кеш мазмұнында кең көрініс тапты. Қазақ пен қырғыздың тарихи және мәдени үндестігі сахна төрінде ерекше сипат алды. Қырғыз Республикасынан арнайы келген өнерпаздардың қатысуы екі ел арасындағы бауырластықтың өнер арқылы бекемделе түсетінін көрсетті. Қырғыз дирижері Бақытбек Тілегеновтің сүйемелдеуімен «Отырар сазы» оркестрі «Мин қиял» әнін әсерлі орындады. Қазақстанның халық әртісі Рамазан Стамғазиев шырқаған «Жиырма бес» кештің шарықтау сәтіне айналды. Зал іші ерекше толқып, Жамбылдың үні қайта естілгендей әсерге бөленді.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Жарық пен шабыттың қайнар көзі
    06.03.2026
    Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп базасында «Stop Coruption» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>