⛅
5°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 7, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Креативті кітапхана – жаңашылдық алаңы

    07.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Креативті кітапхана – жаңашылдық алаңы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазіргі кітапхана – үнсіз ғана кітап сөрелері тізілген кеңістік емес, ол – ойдың оты маздап, идеялар тоғысатын шығармашылық алаң. Осындай жаңаша леппен ұйымдастырылған «Креативті кітапхана – шабыт пен жаңашылдық орталығы» атты интерактивті семинар Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылы Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектепте өтті.

    Шара «Кітапхана – ой ұшқырының кеңістігі!» ұранымен ашылды. Қатысушыларды жылы қарсы алу мақсатында «Креативті шеңбер» әдісі қолданылды. Әр адам өзін бір сөзбен таныстырып, алдыңғы қатысушының сөзімен байланыс орнатты. «Мен – шабыт», «Мен – арман», «Мен – іздемпаз» деген сөздер бір-бірімен үйлесіп, ортақ идеяға ұласты. Осылайша, кітапхана тек білім ордасы ғана емес, рухани үндестіктің мекені екені сезілді. Негізгі бөлімде заманауи кітапхананың жаңа қырлары таныстырылды. Жасанды интеллект элементтері, QR-код арқылы кітап оқу, дыбыстық кітаптар, подкаст жазу – барлығы да оқырманды жаңа форматқа тартудың жолы ретінде көрсетілді.
    Подкаст мәдениетінің 2000 жылдан бері дамып, 2003 жылы Apple компаниясының iPod плеерлерін іске қосуымен қарқын алғаны, кейін iTunes желісі арқылы кең таралғаны айтылды. Бүгінде бұл үрдіс кітапханалар үшін де үлкен мүмкіндікке айналған.
    Семинарға дайындаған презентация мазмұнды әрі көрнекі болды. Әрбір слайдта кітапхананың болашағы – цифрлық сауаттылық пен шығармашылық еркіндік екені айқын көрінді.10-11 сынып оқушылары дайындаған «Ескі кітаптардың жаңа өмірі» атты әзіл-сықақ қойылымы көрерменді бір сәт ойландырып, бір сәт күлдірді. Кейіпкерлер – Батыр, Ханшайым Зере, детектив Қаскөй, ақын Өлеңші және кітапханашы Гүлнар – заман ағымына бейімделген кітап әлемінің символдары ретінде көрінді. Қойылымда қағаз кітап пен электронды нұсқаның, дәстүр мен технологияның тоғысуы көркем тілмен жеткізілді.
    «Қағаз кітаптың құдіретін ешбір ғаламтор алмастыра алмайды» деген кітапханашы сөзін көрермен ерекше ықыласпен қабылдады. Бұл – кітапхананың рухани миссиясының айқын дәлелі еді.Кітапханада өткен квиз екі команда арасында тартысты өтті. Бірінші команда – қара сөздер авторы Абай Құнанбайұлы шығармашылығын талдады. Екінші команда – «Балалық шаққа саяхат» шығармасы арқылы Бердібек Соқпақбаев әлеміне үңілді.
    Сұрақтар, логикалық тапсырмалар, үзінділерді анықтау кезеңдері оқушылардың білімін ғана емес, сыни ойлау қабілетін де шыңдады.«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста…» деген жолдардың 17-қара сөзден алынғанын тапқан сәтте зал ду қол шапалақтады. Ал «Балалық шаққа саяхат» шығармасындағы мектепке алғаш бару эпизоды туралы талқылау оқушыларды балдәурен естеліктеріне жетеледі. Mind map және Story cubes әдістері арқылы қатысушылар шағын топтарға бөлініп, текшедегі суреттер негізінде оқиға құрастырды. Күлкілі, әсерлі, тосын сюжеттер дүниеге келді. Бұл кезең кітапхананың шығармашылық зертханаға айналғанын дәлелдеді. 4-сынып оқушылары «Ұршық» әдісі арқылы ертегі желісін жалғастырып, Алматы қаласындағы қуыршақ театры актерлері рөлдік ойындар көрсетті. Ұлттық нақыш пен заманауи тәсіл үндесіп, жас көрерменнің қиялын байытты.
    Шара соңында «Шоколад» тренингі өткізіліп, қатысушылар «Шабыт ағашына» «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы өз пікірлерін жазып ілді. Бұл ағаш – жай ғана плакат емес, кітапханаға деген сенім мен сүйіспеншіліктің белгісі болды. Осындай мазмұнды шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, атсалысқан мектеп ұжымына шынайы алғыс білдіреміз. Атап айтқанда, кәсіподақ ұйымының төрағасы Толқын Амангелдіқызына, бастауыш сынып мұғалімдеріне, педагог-ұйымдастырушы Аягөз Ұябасароваға, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Айжан Омароваға және Әйгерім Төлбаеваға ерекше ризамыз. Ортақ еңбектің нәтижесінде бұл семинар рухани мазмұны терең, жаңашыл сипаттағы тағылымды шараға айналды. Қыркүйек айынан бастап жасаған қажырлы еңбек, тың идеялар мен кәсіби шеберлік бұл кештің табысты өтуіне негіз болды деп сенеміз.
    Бұл шара тағы бір ақиқатты дәлелдеді. Кітапхана – тек кітап сақтайтын орын емес, ол – болашақтың ойшылдарын тәрбиелейтін креативті кеңістік.

    Назгүл Сапарова,
    Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектептің кітапханашысы
    Ұзынбұлақ ауылы,
    Кеген ауданы

     

    Кітапхана

    1 of 1
    - +

    1.

    Соңғы жаңалықтар

    Жанкүміс ЖӘМЕҢКЕ, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты: Газет – ұлтқа қызмет ететін ұлы мінбер
    07.03.2026
    Нәзік жан, нық тізгін
    07.03.2026
    Креативті кітапхана – жаңашылдық алаңы
    07.03.2026
    Ұстазына көлік сыйлады
    07.03.2026
    Ортақ міндет
    07.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>